Пятница, 11 мая 2018 14:20

Оралда БҚО коммунистерінің Пленумі өтті

Оцените материал
(0 голосов)

10 мамыр күні Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық комитеті мен Облыстық бақылау-ревизиялық комиссиясының біріккен Пленумі өтті.  Пленум жұмысын ҚКХП БҚОБ бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов ашты. Комитет басшысы облыстық комитет мүшелері мен ОБРК алдында коммунистердің осы жылғы бірінші мамыр мен Жеңіс күні мерекесіне қатысуды ұйымдастыру және өткізу шаралары туралы есеп берді.

ҚКХП ОК мүшесі Сұлтанбек Сұлтанғалиев 2018 жылдың 21 сәуірінде Астанада өткен ҚКХП ОК және ОБРК біріккен пленумының жұмысы мен  қабылданған шешімдер туралы айтып берді.

ҚКХП Жастар қанатының өкілі ретінде Ниязбек Есенәлиев жиналыстың жұмысы, ұйымның мақсат-міндеттері туралы хабардар етті.

Пленум қатысушылары партияның басқарушы органының ҚКХП-ның үгіт-насихаттық және ұйымдастырушылық жұмыстары мен партияның жастар қанатын жандандыруға бағытталған шараларына бірауыздан қолдау білдірді.

«Партия алдында жаңа, асқақ және жауапты міндеттер тұр. Біз партиялық жұмысты, әсіресе халық арасындағы жұмыстарды жандандыруға бар күшімізді салуымыз керек», - деді өз сөзінде ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов.

ҚКХП БҚОБ Баспасөз қызметі

32169641 2023638554623578 7789842769563877376 n32169641 2023638554623578 7789842769563877376 n32169641 2023638554623578 7789842769563877376 n

Прочитано 41 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.