Понедельник, 14 мая 2018 15:39

БҚО коммунистері сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысты

Оцените материал
(0 голосов)

11 мамыр күні Орал қаласындағы Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде «Сыйбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттегі азаматтық бақылауға екпін беру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің өкілдері қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар еліміздің барлық азаматтары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып,  мемлекеттік органдардағы сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытулары тиіс деген ортақ пікірге тоқталды.

С.Сұлтанғалиев мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этика ережелерін бұзу бойынша өтініштер ең алдымен Облыстық қоғамдық кеңесте, кейін барып  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өкілетті органының Этика  комиссиясында қарастырылуы тиіс деген ұсыныс білдірді.

ҚКХП БҚОБ Баспасөз қызметі

anan

Прочитано 70 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.