Среда, 16 мая 2018 16:38

БҚО коммунистері «Капитал. К.Маркс идеясы заманауи әлемде» тақырыптық семинарын өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

16 мамыр күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Батыс Қазақстан облыстық комитетінің коммунистері ҚКХП БҚОБ Жастар қанатымен бірлесе отырып, «Капитал. К.Маркс идеясы заманауи әлемде» тақырыптық семинарын өткізді.

Семинар жұмысын обкомның бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов бастады. Ол семинардың мақсат-міндеттерімен таныстырып, К.Маркстің 40 жыл бойы жазған басты еңбегі «Капиталдың» мәні мен мағынасы туралы айтты.

-Маркс бұл еңбегінде тарихи үдерістің диалектикалық-материалистік концепциясын капиталистік қоғамдық-экономикалық формациясын зерттеу үдерісіне қолданды, буржуазиялық қоғамның экономикалық қозғалыс заңын ашты және капиализмнің күйреуі мен коммунизмнің дәурен құруын дәлелдеді, - деді өз сөзінде С.Жарлығасымов.

ҚКХП БҚОБ Жастар қанатының жетекшісі Н.Есенәлиев өз сөзінде семинар қатысушыларын Карл Маркстің өмірбаянымен таныстырды. Семинар барысында қатысушылар К.Маркстің еңбектері осы күнге дейін өзектілігін жоймаған деген ортақ пікірге тоқталды.

ҚКХП БҚОБ

Прочитано 64 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.