Пятница, 01 июня 2018 12:37

Батыс Қазақстан облыстық комитетінің хатшылары Теректі ауданының тұрғындарымен кездесті

Оцените материал
(1 Голосовать)

31 мамырда Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Батыс Қазақстан облыстық комитетінің жетекшілері бірінші хатшы Сүйінғали Сәрсенғалиұлының басшылығымен Теректі ауданына жұмыс сапарымен барды.

Коммунистер ауыл тұрғындарымен оларды «Халық коммунистері» фракциясының ауылдық аумақтарды дамыту мәселесі бойынша депутаттық сауалымен және осы мәселеге қатысты ҚКХП Орталық Комитетінің мәлімдемесімен таныстыру, сондай-ақ ауылдағы өмір сүру жағдайы мен мәселелерін анықтау мақсатында кездесті.

– Біз қала мен ауыл аумағындағы өмір сүру жағдайы арасындағы айырмашылықты жоюға қазір кіріспесе, соңғысы орны толмайтын құлдырауға ұшырап, бұл әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмкін деп есептейміз. Ел Президентінің әлеуметтік мемлекетке белгілеген бағытын іске асыру үшін Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ауылдық аумақтарды басқарудың кешенді саясатын құру, ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру стандарттарын құрастыру және оған қол жеткізу үшін шара қабылдау қажет деп санайды, - деп атап өтті С.С.Жарлықасымов.

Кездесуге қатысушыларға «Қазақстан Коммунисті» журналы таратылды.

34049736 2035141110139989 5448010283756814336 n34049736 2035141110139989 5448010283756814336 n

Прочитано 193 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.