Среда, 06 июня 2018 17:59

Баршаға арналмаған жұмыс

Оцените материал
(0 голосов)

6 маусым күні Орал қаласында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Батыс Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Баршаға арналмаған жұмыс» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға облыстық комитет Жастар қанатының активі мен мүшелері, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

– 55-64 жастағы тұрғындар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 6,5%-ке өсті. 2017 жылы еліміздегі зейнет алды жасындағы жұмыссыздар саны 47,9%-ке өскен, – деп сөз алған ҚКХП БҚОФ бірінші хатшысы С.С.Жарлықасымов партияның ОК мәліметіне сүйенді.

Зейнет алды жасындағы адамдар көбіне кемсітушілікке ұшырайды. Жасы келген үміткерлер тіршілік әрекетінің барлық саласында келешексіз, әсіресе, кәсіби-іскерлік салада денсаулығының нашарлауына немесе тез шаршайтындығына байланысты жақсы еңбек өнімділігіне қабілетсіз деп саналады. Адамның жасы ұлғайған сайын жаңа ақпаратты меңгеруі мен өзінің біліктілігін арттыруы қиынға соғады деген таптаурын түсінік те бар.

Қазақстанда 2016 жылы жұмыссыздықпен күресу үшін «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» қабылданды. Бағдарламаға 16 жастан зейнетке дейінгі азаматтар қатыса алады. Дегенмен бұл шаралар зейнет алды жасындағы адамдардың жұмысбастылығы жағдайын түбегейлі өзгертуге жеткіліксіз.

Қалыптасқан жағдайды шешу үшін Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ұсынады:

  • әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша шаралар әзірлеуді қарастыру, онда меншік түріне қарамастан барлық бизнес субъектілеріне халықтың осал топтары – жастар, зейнет алды жасындағы адамдар, мүгедектерден тұратын жұмыскерлерге міндетті квота енгізу;
  • қосарлы оқыту жүйесін, жұмыс орында тәжірибе мен кәсіби білімді беруді енгізу, онда зейнет алды жасындағы қызметкерлер жас қызметкерлерге жетекші бола алар еді;
  • зейнет алды жасындағы жұмыссыздардың санын азайту үшін «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының» жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан іске асырылуын бақылауды күшейту;

ҚКХП БҚОФ баспасөз қызметі

34606700 2038541559799944 5479554898695553024 n34606700 2038541559799944 5479554898695553024 n34606700 2038541559799944 5479554898695553024 n

Прочитано 553 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.