Пятница, 22 июня 2018 15:25

Оралда облыстық комитет активінің мерекелік жиналысы өтті

Оцените материал
(0 голосов)

21 маусым күні Батыс Қазақстан облыстық комитеті Қазақстан Коммунистік Халық партиясының 14 жылдығына орай обком активінің жиналысын өткізді. Обкомның бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов  жиналыстың алғы сөзінде партияның қызметі мен тарихы және оның құрылымы туралы айтып берді.

-Барлық қатысушыларды Қазақстан Коммунистік Халық партиясының 14 жылдығымен құттықтаймын! Партияның, халықтың және Отанымыздың игілігіне атқарып жатқан ісімізге сәтттілік,  баршаңызға  мықты  денсаулық пен амандық тілеймін.  Артта қалған жылдар біздің партияның саяси күшінің, танымалдылығы мен беделінің,  тәжірибесінің артып келе жатқанын дәлелдеп отыр. Бұл ҚКХП-ның әрі қарай дамуының берік іргетасы болмақ, - деді бірінші хатшы өз сөзінде.

Кездесу соңында С.Жарлығасымов обком мүшелері алдында 2018 жылдың алты айында атқарылған іс-шаралар, БАҚ және әлеуметтік желіде жүргізілген жұмыстар туралы есеп берді. Сонымен қатар «Шапағат» жобасы мен қоғамдық қабылдаудың қызметі  туралы да айтылды.

Қатысушылар ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады.

ҚКХП БҚОБ Баспасөз қызметі

собр3собр3

Прочитано 90 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.