Четверг, 28 июня 2018 09:33

БҚО коммунистері аймақ журналистерін кәсіби мерекемен құттықтады

Оцените материал
(0 голосов)

27 маусым күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Батыс Қазақстан облыстық комитеті аймақтық БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Партияның кеңсесіне «Регион ЕврАзия» газетінің редакторы Жанар Давлетова шақырылды. Коммунистер Жанар Давлетованың біліктілігі мен шығармашлығын ерекше бағалап,  журналисті кәсіби меркесімен құттықтады. Сонымен қатар коммунистер «Мой город» газетінің редакциясына барып, редакция ұжымын мерекемен құттықтап шықты. «Мой город» бұл – қарқынды дамып келе жатқан, облыс және қала тұрғындары арасында танымалдылыққа ие басылым. Бұл газетке объективтілік, жеделдік және журналистік шеберліктің жоғары деңгейі тән. 

ҚКХП БҚОБ бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов аймақтың алдыңғы қатарлы медиахолдингі «Жайық пресс» ұжымын және оның бас директоры Жантас Сафуллинді мерекемен құттықтады. Ұжымда қызмет жасайтын журналистерге шығармашылық табыс тіледі. 

 «ТДК-42» - оралдықтардың сүйікті арнасы. Арнаның бас директоры Табылғали Сапаров коммунистермен кездесу барысында мемлекет пен қоғамның тұрақты әрі қарқынды дамуы мақсатында БАҚ пен елдің саяси партиялары арасындағы конструктивті байланыстың қажеттілігі туралы айтты. 

Халық коммунистері партиясы мен «AQJAIYQ» арнасы арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Асланбек Губашев басқаратын арна ұжымы тележүргізуші Оксана Игликовамен «Социум» жобасын және Лаура Бекболатованың «Открытая студия» бағдарламасын  іске қосты. БҚО коммунистері арна қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, телекөрермендерді өзекті тақырыптарға арналған өткір бағдарламалармен қуанта беруге тілектес екендерін айтты.

ҚКХП БҚОБ баспасөз қызметі

36288574 1822885908020343 5906159410203328512 n36288574 1822885908020343 5906159410203328512 n36288574 1822885908020343 5906159410203328512 n36288574 1822885908020343 5906159410203328512 n

Прочитано 15 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.