Четверг, 21 февраля 2019 17:19

БҚО-да жастар мәселесі және оны шешу жолдары талқыланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 21 ақпанында Батыс Қазақстан облыстық комитеті  «Жастар – елдің стратегиялық ресурсы» тақырыбында қоғамдық пікірталас ұйымдастырды.  Іс-шараға аймақтағы жастар ұйымдарының өкілдері, обком мен ҚКЖО активі қатысты.

Кездесу модераторы, ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы С.Жарлығасымов өз сөзінде  мемлекеттік органдардың іске асырып жатқан бағдарламалары мен бастамаларының маңыздылығын атап өтті:

- 2018 жылдың 8 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Бұл -  тарихи ауқымды оқиға.  Мемлекет жас ұрпақтың дамуына ерекше мән беріп отыр. Ресми мәліметке сай, қазіргі таңда Қазақстанда 14-29 жас аралығында 4 миллион азамат немесе халықтың 22%-н жастар құрайды.  Өзінің халықтық құрылымы бойынша Қазақстан Еуразиялық континенттің жас елдерінің ондығына кіреді.  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің басты бағыты жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыруға бағытталуы тиіс. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының жүйелі жұмысы жағдайында ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады.

Сондықтан бізге ХХІ ғасырдың сұраныстарына жауап беретін  заманауи мемлекеттік бағдарлама қажет.

ZKOmolodezh 6ZKOmolodezh 6ZKOmolodezh 6ZKOmolodezh 6ZKOmolodezh 6ZKOmolodezh 6

Прочитано 271 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.