Четверг, 07 марта 2019 15:56

БҚО-да Қазақстандағы гендерлік теңдік мәселесі талқыланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 7 наурызында ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитеті «Әйел – мемлекеттік қызметкер, кәсіпкер, үй шаруасындағы әйел: мәселелері мен келешегі» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Кездесу қатысушылары Қазақстандағы гендерлік теңдік мәселелері мен гендерлік саясаттың даму перспективаларын талқылады.

Обкомның бірінші хатшысы С.Жарлығасымов өз сөзінде, жыл сайын әйелдердің экономикаға қатыстылығы мен мүмкіндіктері артып келе жатқанын айтты. Сонымен қатар қазіргі таңда БҚО-да мемлекеттік қызметте  нәзік жандылардың саны артып келеді. Мұның өзі біздің қоғамдағы әйелдердің рөлін айқындап тұр.

Обкомның екінші хатшысы Н.Есенәлиев іс-шара қатысушыларына осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып берді. Әсіресе ол «Жайық Дауысы» ҚБ-ның «Гендерлік теңдікті дамыту мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендермен алдын-алу жұмыстарын жүргізу мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» жобасымен және гендерлік теңдік мәселелеріне қатысты Батыс Қазақстан өңірі сарапшыларының пікірімен таныстырды. 

ZKOZhensh 2ZKOZhensh 2

Прочитано 130 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.