Шараға қала халқы, репрессия құрбандарының ұрпақтары, мәжіліс депутаттары және т.б. қатысты. Олардың ішінде ҚКХП АОФ бірінші хатшысы Ж.А.Молдашев  та болды.

Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш жиналған жұртты сол бір жылдардың тарихымен тағы бір таныстырды.

31 мамырда Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Батыс Қазақстан облыстық комитетінің жетекшілері бірінші хатшы Сүйінғали Сәрсенғалиұлының басшылығымен Теректі ауданына жұмыс сапарымен барды.

Коммунистер ауыл тұрғындарымен оларды «Халық коммунистері» фракциясының ауылдық аумақтарды дамыту мәселесі бойынша депутаттық сауалымен және осы мәселеге қатысты ҚКХП Орталық Комитетінің мәлімдемесімен таныстыру, сондай-ақ ауылдағы өмір сүру жағдайы мен мәселелерін анықтау мақсатында кездесті.

28 мамырда Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ғимаратында облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда БҚО Қаржы басқармасының басшысы Б.Имашев  2017 жылғы облыс  бюджетінің игерілуі туралы есеп берді.

Отырыста автомобиль жолдарының сапасын жақсарту мәселесі сөз болды.

16 мамыр күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Батыс Қазақстан облыстық комитетінің коммунистері ҚКХП БҚОБ Жастар қанатымен бірлесе отырып, «Капитал. К.Маркс идеясы заманауи әлемде» тақырыптық семинарын өткізді.

11 мамыр күні Орал қаласындағы Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде «Сыйбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттегі азаматтық бақылауға екпін беру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің өкілдері қатысты.

10 мамыр күні Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық комитеті мен Облыстық бақылау-ревизиялық комиссиясының біріккен Пленумі өтті.  Пленум жұмысын ҚКХП БҚОБ бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов ашты. Комитет басшысы облыстық комитет мүшелері мен ОБРК алдында коммунистердің осы жылғы бірінші мамыр мен Жеңіс күні мерекесіне қатысуды ұйымдастыру және өткізу шаралары туралы есеп берді.

2018 жылдың 9 мамырында Орал қаласының Достық даңғылында «Мәңгілік полк» шеруі өтті. Шеру барысында адамдар Ұлы Отан соғысында мерт болған туыстарының суреттерін ұстап, алаңда сап түзеді.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты – жауынгерлердің портреттерін өздері парадқа қатысқандай алып шығу, сол арқылы құрмет көрсету.

Среда, 02 мая 2018 14:55

ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІК КҮНІ

1 мамыр күні Орал қаласының Абай атындағы алаңында Қазақстан Халықтарының бірлігі күні аталып өтті. Мерекелік шеруге облыстың  еңбек ұжымдары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Батыс Қазақстан өңірінің халық коммунистері де мерекелік іс-шараларға атсалысты.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.