2018 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Батыс Қазақстан облыстық комитетінің белсенділері Орал қаласында В.И.Лениннің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.

28 наурыз күні «Мамандықпен танысу» акциясын іске асыру барысында ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитеті және обкомның Жастар қанаты «Бахтияр» шаруа қожалығында болып қайтты.

Бұл шаруа қожалығы облыстық комитеттің қоғамдық қабылдауының заңгерлік көмегі, әсіресе Жастар қанатының жетекшісі Ниязбек Есенәлиевтің атсалысуымен ашылған болатын. Содан бері кәсіпкер-фермер мен халық коммунистері арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқан.

2018 жылдың 12 наурызында ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде ағылшындықтардың бастамасымен Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің саяси мәселелер жөніндегі хатшысы Джеки Дэвиспен кездесу өтті.

Кездесудің басты  мақсаты саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиевпен Қазақстанның ішкі саяси жағдайы, транзиттік кезең және оның даму түрлері туралы әңгімелесу болды. 

2018 жылдың 24 қаңтарында ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде өткен дөңгелек үстелде Лениннің Қазақстан тарихынан алатын орны талқыланды. Қазіргі заманғы мемлекеттілікті құру ісінде қазақ халқы алдында пролетариат көсемінің тарихи еңбегі туралы обкомның хатшылары С.Сұлтанғалиев пен Н.Есенәлиев баяндама жасады.

2018 жылдың 16 қаңтарында ҚКХП  Батыс Қазақстан облыстық комитетінің жетекшісі Сүйінғали Жарлығасымов БҚО Демократиялық күштер коалициясының Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған отырысына қатысты.

Страница 4 из 4

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.