Понедельник, 08 января 2018 14:49

НАН МЕРЕКЕСІ

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстандық нан мерекеге лайықты. Бұл «Халық коммунистері» фракциясы өкілдерінің тұжырымы. Мәжілістің кезекті пленарлық отырысында ҚКХП депутаттары республика ауқымында отандық агрария саласы еңбекшілерінің жұмысын ресми түрде атап өтуді ұсынды.  Владислав Косарев вице-премьер, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке, Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына сауал жолдады.

Депутат өз сауалында механизаторлардың, аграрлық ғылым қызметкерлерінің, элеватор мен ұн өндірісі жұмысшыларын, технологтардың, наубайшылар мен нан өнімдерін сатушылардың еңбегін бағалау қажеттігін атап өтті.

  • Қазақстанның жүз миллион халықты нанмен қамтитын мүмкіндігі бар. Ең басты азыққа деген құрметті нан мерекесін бекіту арқылы білдіруге болады. Мысалы, Италияда Помидор күнін, Грецияда Шарап күнін, Голландияда Қызғалдақ күнін, Германияда Сыра күнін атап өтеді. Ал біз кең ауқымда жыл сайын Нан күнін тойлай аламыз,- деді халық қалаулысы.

Мұндай күнді қалай атап өтуге болады? Коммунистер мәдениет мекемелерінде, дүкендерде, алаңдарда нан өнімдерінің көрмесін ұйымдастыруды ұсынады.  Мереке күні аграрлық салада еңбек етіп жүргендерді де марапаттауға болады. Медқызметкерлер мен технологтар нан өнімдерінің сапасы мен құндылықтары туралы ақпаратпен бөліссе.  Ал әрбір өндіруші өз өнімінің сапасын жарнамаласа. Сонымен қатар нан өнімдерге қоғамдық баға беру арқылы үздіктерді атап өтуге болады. Билік өкілдері дәл сол күні мұқтаж азаматтарға нан өнімдерінен сый жасаса, игі іс болар еді. Ең бастысы бұл күні адамдарға нанды қастерлеп, ысырапшылдыққа жол бермеуді ескертудің оңтайлы сәті түседі.

  • Мұндай мерекені жеке нан дүңгіршегі, дүкен бөлімдері мен қоғамдық тамақтану орындары да ұйымдастыра алады, – деді В.Косарев.

Әрине мұндай іс-шаралар ақпараттық қолдауды да қажет етеді. Сондықтан коммунистер осы күнге арнап газет және плакат шығарылымдарын ұйымдастыру қажет деп санайды. Сонымен қатар қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен саяси қайраткерлердің жүлдесін тігуді де жөн санайды.  Тың өлкесіндегі «нан мерекесі» идеясын  басқа да парламенттік фракциялардың өкілдері қолдады. Халық қалаулылары азаматтар мұндай ұсынысты жақсы қабылдайтынына сенімді.

  • Біз осы іс-шараның іске асырылуына жан жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп уәде берді коммунистер.

Маргарита НИКИТИНА

Прочитано 40 раз
Другие материалы в этой категории: « ӨЗ ӨЗІМІЗДІ НЕГЕ АЛДАЙМЫЗ? Жыл қорытындысы »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.