Вторник, 09 января 2018 12:48

АЙҚЫН ҚОҢЫРОВ: ЕКПІНДІ БӘСЕҢСІТПЕЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙМІЗ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Мен қараша айындағы ОК және ҚКХП ОБРК Пленумы, Ұлы Қазан социалистік революциясының 100 жылдығына арналған Съезі мен «Жаңғыртылған социализм – адамзат болашағы» тақырыбындағы ғылыми конференцияның партиялықтар үшін қорытынды жасау мен тәжірибе алмасудың үлкен алаңына айналғанына қуаныштымын.

Іс-шаралар барысында азаматтармен, билікпен, өзін өзі басқару органдарымен және қоғамдық ұйымдармен жүйелі жұмысты жалғастыру бойынша ұсыныстармен қатар, 2018 жылға жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарда 2018 жылғы айтулы іс-шаралар ерекше аталып өтті: Карл Маркстің 200 жылдығы, Бүкілодақтық Лениндік коммунистік жастар одағының (БЛКЖО) 100 жылдығы мен Жұмысшы-шаруа Қызыл әскерінің (ЖШҚӘ)   100 жылдығы.

Партияның 2017 жылғы жұмысын Орталық Комитет мүшелері өте жақсы деп бағалады. Партиялық комитеттердің сарапшылар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін тарту арқылы аймақтық деңгейде өзекті мәселелерді көтере білгендіктері айтылды. Республиканың әрбір түкпіріндегі азаматтардың көкейінде жүрген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту, инфрақұрылым, өмір сапасы, сыбайлас-жемқорылқпен күрес сияқты мәселелелер де назардан тыс қалмады. Сын да айтылды. Барлық аймақтарда бастапқы партиялық ұйым санын кеңейту мәселесіне қатысты ескерту айтылды. Қоғамдық кеңестер алаңында жұмысты нығайту бойынша ұсыныстар жасалынды. Қорытынды баяндамада партиялықтардың әлеуметтік желілердегі төмен белсенділігі ескеріліп, 2018 жылы жоғарыда айтылған мәселелерді шешу жоспары анықталды.

Әрине, ХХ ғасырдың тарихи оқиғасы – Ұлы Қазан социалистік революциясының мерейтойлық іс-шараларын өткізуге үлкен назар аударылды. Жұмыс халықтың әртүрлі тобымен жүргізілді, КСРО құлдырағаннан кейін либералды идеологтар капитал әлеміне қауіп төндірген  революцияны жүйелі түрде жоққа шығаруға барын салды. Қазіргі кезде көпшілік Ұлы Қазан революциясының нәтижесінде жұмысшылар мен кәсіподақ қозғалысының дамығанын мойындайды. Көптеген елдердегі миллиондаған жұмысшылар  әлеуметтік кепілдіктер мен құқыққа қол жеткізді. Біздің құндылықтарды үгіттеу және либералды құндылықтарға қарсы үгіт жоспары негізінде көп жұмыс атқарылды, бірақ әлі де іске асырылатын нәрсе көп.

Партияның жұмысы қарапайым халықпен тығыз байланысты екенін барлығымыз жақсы білеміз, бұл лепірме сөз емес. Бұл біздің өміріміз, бұл біздің саяси тұғырнамамыздың, сайлауалды бағдарламамыздың негізі. Сондықтан партияның әрбір бөлімшесінде қоғамдық қабылдау жұмыс жасайды, осы мақсатта біз «Шапағат» халықтық жобасының ауқымын барлық республикаға дейін кеңейттік. Жалпы Қазақстан бойынша біздің партиялықтар мен волонтерлар шамамен 2200 адамға қолдау көрсетеді. Қарағандыдағы кеншілердің көтерілісі кезінде партияның күшін жедел жұмылдыру арқылы санаулы күндерде «Шапағат» шахтерлар отбасына» акциясын ұйымдастыруға және кеншілердің 120 отбасына көмек көрсетуге мүмкіндік туды.

Астанада ОК аппараты мен партияның қалалық комитеті жаңа жылдық мерекелік кештен бас тартты. Нәтижесінде үнемделген қаражатқа астаналық «Шапағаттың» қамқорлығындағы отбасылардың балаларына мерекелік ертеңгілік пен сыйлықтар ұйымдастырылды.  Керемет банкет залын тегін ұсынған біздің серіктесіміз «Wyndham Garden Astana» қонақ үйіне ерекше алғысымды білдіремін.

Біздің облыстық және қалалық, аудандық комитеттердің арқасында халықпен кері байланыс орнатылған, олар арқылы біз ақпарат алып отырамыз, қарапайым адамдардың көкейіндегі мәселелерінен хабардар боламыз. Бұл біздің жақтастарымыздың ауқымын кеңейтіп, Парламент Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясының жұмысына көмектеседі. Сіздерге де үлкен рахмет!

Біздің Үкіметке жолдайтын сауалдарымыздың өзектілігі мен маңыздылығы азаматтар мен БАҚ өкілдері, басқа фракциялардың депутаттары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан қолдау тауып жатады және қарапайым халықтың көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі.

Прочитано 27 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.