Вторник, 16 января 2018 14:52

Қазақстан АҚШ-қа өзінің алғанынан $18 млрд артық қаржы құйды

Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекет басшысының жария еткен мәліметі бойынша қазақстандық компаниялардың шетелдегі қаражат соммасы 12,5 миллиард долларды құрайды. Президент бұл ақшаны елге қайтаруды талап етіп отыр.

Алайда шетелдегі қаражат есеп шоттарда жатып қана қоймай, барлық континенттерде әртүрлі форматтарда белсенді түрде инвестицияланып жатыр.

Қазақстан АҚШ-қа  өзінің алғанынан $18 млрд артық қаржы құйды

Біз  Қазақстан экономикасындағы басты жетістіктерінің бірі ретінде шетел инвестицияларын тартуды жиі айтамыз. Бірақ, шынтуайтында Қазақстанның өзі ірі инвестор болып табылады. Бірінші жарты жылдықтың мәліметі бойынша, қазіргі таңда отандық экономикаға 225 миллиард доллар шетелдік капитал салынған. Ал біздің шетелдегі инвестицияларымыз 176 миллиард доллардан асып тұр, яғни көп айырмашылық жоқ.

Қазақстан  елдің ІЖӨ-нен асып түсетін қаражатты қай уақытта инвестициялап үлгерген?

Басты рөлді қоржындық инвестициялар атқарып отыр, олардың үлесі 65 миллиард долларды құрайды. Қоржындық инвестициялар   – капиталдың пассивті салымы, инвестор пайда көру үшін құнды қағаздарды сатып алады, бірақ кәсіпорынды басқаруға араласпайды немесе оған бақылау жүргізуге талпынбайды.

Біздің ең ірі қоржындық инвестор бұл – Ұлттық қор, оның қаражат ауқымы шамамен 57 миллиард доллар болып тұр. Ол өз қаражатын шетелдік акциялар мен облигацияларға және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) салады.

Мұндай салымдардың құрылымы үлкен қызығушылық тудыртады. Қазақстандық қоржындық инвестициялардың басым бөлігі, яғни 31,5 миллиард доллар АҚШ-қа тиесілі. Ұлттық қор, БЖЗҚ және басқа да қоржындық инвесторлар АҚШ-тың мемлекеттік және корпоративті құнды қағаздарын  әлемдегі ең сенімдісі деп санайтын көрінеді. Алайда бұл факт емес, себебі АҚШ-тың несиелік рейтінгісі сонау 2011 жылы төмендеген.

Ең бастысы біздің инвестицияларда ешқандай диверсификация жоқ. Барлық портфельдердің жартысы  бір елге салынған. Бұл дұрыс па? Инвестициялардың барлық санаты бойынша АҚШ-қа 47 миллиард доллар тиесілі. Мемлекеттің өзі барлығын долларлық активтерге инвестициялап отырып, қандай дедолларизация туралы әңгіме қозғап отыр?

Қазақстан мен АҚШ арасында ең ірі оң инвестициялық сальдо қалыптасқан:  біз алғанымыздан гөрі бұл елдің экономикасына 18 миллиард доллар салдық. Тікелей инвестицияларға қатысты айтар болсақ, тікелей кәсіпорын капиталына жасалынған салымдар да бар, бірақ бұл жерде де барлық ауқымның жартысы (38 миллиард доллардың 20 миллиарды) бір Нидерландыға тиесілі. Таңғаларлық жағдай емес, себебі бұл елде ең ыңғайлы офшорлы аймақ, сондықтан қазақстандық компаниялар бизнес-жобаларын, соның ішінде Қазақстандағы жобаларды да іске асыру үшін бұл елде еншілес компанияларын ашады.

Қазақстандық капиталды сақтаудың басты үштігіне Ұлыбритания да кіріп отыр – 20 миллиард доллардан астам қаражат.  Басқа елдер АҚШ, Ниждерланды мен Ұлыбританиядан біршама артта қалып тұр.

Олардың арасында ашық офшорлар да бар – Люксембург (3,4 миллиард доллар), Сейшел аралдары (2,9 миллиард доллар), Виргин аралдары (2,4 миллиард доллар), Багам аралдары (820 миллион доллар), Кайман аралдары (515 миллион доллар), Джерси аралы (170 миллион доллар) және т.б., яғни Бермуд аралынан Кюрасаоға дейін жалғаса береді.

Бұл жағдайда үкіметтің қазақстандық қаражатты отандық экономикаға қайтаруды қамтамасыз ету мүмкіндігі аз. Себебі ұзақ уақыт бойы капиталды сыртқа шығару мемлекетіміздің экономикалық саясаты болды.

Прочитано 33 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.