Пятница, 19 января 2018 14:53

ҮЛКЕН ҚАЛА ТЫНЫСЫНДА

Оцените материал
(0 голосов)

Қаңтар айының өткен аптасы ҚКХП Алматы қалалық комитеті үшін әртүрлі іс шараларға толы болды.

«Ескі Жаңа жыл» мерекесіне орай «Шапағат» жобасы аясында ҚКХП Алматы қалалық комитеті әлеуметтік жағынан аз қамтылған екі отбасының балаларына тәтті сыйлықтар жасады. Қайырымдылық іс шара кітапханаға кітаптар табыстаумен жалғасты. ҚКХП Алматы қалалық комитетінің хатшысы Марианна Сафронова мен партия жұмысын ұйымдастыру секторының меңгерушісі Абзал Әуелбеков «Подари книгу библиотеке» акциясы аясында А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханаға көркем әдебиеттерді табыс етті.

Кейін қалалық комитеттің белсенділері Almaty Management University Орталық және Оңтүстік Азия бизнес-ЖОО үздік үштігіне кіруіне және ЖОО 30 жылдығына арналған іс шараға қатысты.

Қалалық комитеттің бірінші хатшысы Әлібек Шапенов «Art Mobile» мобильді мектептің жетекшісі Дана Мейірбекованың «Қорқыт» қоғамдық қоры негізінде ұйымдастырған қайырымдылық кешіне қатысты. Акцияның басты мақсаты №4 А.Н. Островский атындағы интернаттың халық аспаптар оркестірінің соқыр және нашар көретін балалары үшін музыкалық аспаптар сатып алу. Алматылық коммунистер және кеш қонақтары классикалық, халық және заманауи музыка тыңдап, «Великий Шелковый путь: Нити прошлого – перспективы будущего» көркем фильмін  тамашалады. Сонымен қатар алматылық коммунистер Әскерлер үйінде әйгілі «Қара-майор» Борис Төкенұлы Керімбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналаған іс шараға қатысты. Офицердің ерлігі мен батылдығы қалалық комитеттің жас қызметкерлері мен жалпы жас буын үшін үлкен үлгі әрі өнеге.

Дәстүр бойынша қалалық комитеттің активі  «Коммунист Казахстана» журналының жаңа санын талқылады. Жаңа сандағы материалдарға Жастар қанатының жетекшісі М.Рахымжанов пен А.Әуелбеков шолу жасады.

Бұған дейін ҚКХП Алматы ҚК-де «Литературная гостинная» атты жаңа жоба ашылған болатын. Алғашқы кездесу орыс жазушысы Алексей Толстойдың 135 жылдығына арналды. Ал «Цикл бесед» бағдарламасы аясында өтетін кездесу бұл жолы кеңес заманының танымал революционері Николай Бухариннің өмірі мен қызметіне арналды. Революционердің өмірбаяны туралы ҚК Ревизиялық комиссиясының төрағасы Гүлнар Абрахматова мен ҚК Ардагерлер кеңесінің төрағасы Вячеслав Артемьев айтып берді. Тығыз күн тәртібіне қарамастан, ҚКХП АҚК бірінші хатшысы Әлібек Шапенов қалалық Қоғамдық кеңестің барлық отырыстарына қатысып отырады. Кеңес отырыстары инновация, инвестиция, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік және тұрғын үй-коммуналды шаруашылықтың дамуы мәселелеріне арналады.  Қоғамдық кеңестің мүшесі Ә.Шапенов қаланың өзекті мәселелері бойынша үнемі қарапайым халықтың мүддесін қолдап, өзінің коммунистік ұстанымын ашық айтады.

Әзірлеген Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Прочитано 10 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.