Понедельник, 12 февраля 2018 15:57

Галина БАЙМАХАНОВА: БІЗ ӘДІЛДІКТІ ҚОЛДАЙМЫЗ

Оцените материал
(0 голосов)

Жаңа жыл мерекесінен және аймақтарды аралағаннан кейін халық қалаулылары қызметтеріне кірісті. Бүгінгі таңда Парламенттің төменгі палатасының депутаттары белсенді жұмыс істеп жатыр. Парламенттің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, дәл қазір 36 заң жобасы Парламенттің қарауында жатыр. Әрқайсымыздың өмірімізге тікелей әсер ететін жаңа заңдар мен «Халық коммунистері» фракциясының бастамалары туралы «Коммунист Казахстана» журналына берген сұхбатында депутат, Парламент Мәжілісіндегі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы Галина Баймаханова егжей-тегжей баяндады.

- Галина Александровна, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Президент: ««Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет» деп атап өтті. Сіздің ойыңызша дамудың жаңа сапасы неде? Біз шикізат экономикасынан қиналмай кете аламыз ба?

– Дамудың жаңа сапасының негізі экономиканың диверсификациясы мен өндіріске өндірудің заманауи технологияларын енгізу болып табылады. Оның мақсаты тек қана шикізат емес, терең өңдеу нәтижесінде әртүрлі өнімдер алу болып табылады. Бұл өте маңызды, себебі өнімнің үстеме құны пайда болады, жаңа жұмыс орындары ашылады, бюджеттік салымдар көбейеді және кеңейді. Шикізаттан тауарға дейін ұзақ жол бар. Шикізаттан басқа да өнімдерді алу ғылыми және технологиялық дамудың көрсеткіші болып табылады. Бұл қаржылай ауқаттылықты қамтып, жылдам өзгеріп отырған әлемде тұрақтылықты сақтап қалуға септігін тигізеді. Мынаны есте сақтау қажет: тас дәуірі тастың таусылып қалғанынан аяқталған жоқ, оған жаңа технологиялардың пайда болуы себеп болды. Бізге де табиғи ресурстардың таусылғанын күтпей іс әрекет жасау керек.

- Сонымен қатар Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында: «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауды тездету қажет» деді. Бұл заң жобасы туралы халық коммунистері талай айтты. Көптеген қазақстандық борышкерлер несиелерін өтей алмай, баспаналарынан айырылып жатыр. Жуырда Алматыда проблемалық борышкер Дильнар Инсенова жалғыз баспанасынан айырыла жаздады. Борышкерлердің суицидкедейін барған оқиғалары да есімізде. Банкроттық туралы заңға қатысты ұсыныстар бар ма?

- Иә, проблемалық борышкерлер мәселесін біздің фракция жиі көтереді. Себебі біз әділдікті қолдаймыз. Жыл сайын мемлекет банктерді және басқа да коммерциялық құрылымдарды қолдап отырады. Ал қиын жағдайға тап болған адам өз мәселесімен өзі күреседі. Әрине жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң ипотекалық құрылыстағы жағдайдың алдын алу үшін қажет еді. Алайда бұл болмады. Қазір заң жобасы үкіметте болар. Мәжіліске келгенде біз, «Халық коммунистері» фракциясы азаматтардың мүдделерін, проблемалық борышкерлердің құқықтарын қорғайтын боламыз. Заң жобасына превентивті механизм бойынша ұсыныстар енгізіледі. Әрбір азамат монополист құрылыс компаниялары мен банктер алдында мемлекет оны қорғап, құқығын аяққа бастырмайтынына сенімді болуы тиіс. Бірақ азаматтар несиеге үлкен жауапкершілікпен келулері қажет.

- Біздің білім беру жүйесі де перманентті реформаларды бастан кешуде. Осы орайда «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қызығушылық тудырып отыр. Басқарушылық дербестік ЖОО-ның бюджеттік қаржыландыруының қысқартылуы дегенді білдіреді ме? Сіз бұл құжатты жуырда Алматыдағы ЖОО-да өткен кездесулеріңізде академиялық интеллигенциямен талқыладыңыз ба?

–Біздің Алматыдағы интеллигенция өкілдерімен кездесуіміздің негізгі себебі осы заң жобасын талқылау болды. ЖОО бюджеттік қаржыландыруды ешкім алып тастамайды, ол мемлекеттік гранттарды бөлумен жүре береді. Ал гранттар студенттермен бірге мемлекеттік те, жеке меншік жоғары оқу орындарына үлестіріле береді. Сондықтан білім алу үшін, кәсіби шеберлікке ие болу үшін шетел асып жатқандар да аз емес. Бізде жақсы ЖОО бар, міне соларға дербестік қажет. Біз заң жобасындағы даулы сұрақтарды педагогикалық ортамен талқыладық. Дәлірек айтсақ: кадр даярлау бағдарын лицензиялау, білім беру бағдарламаларының реестрін енгізу, академиялық және басқарушылық дербестіктің шегі, жеке ЖОО коммерциялық емес ұйымдарға ауыстыру және басқа да маңызды сұрақтар. Біз ұстаздардың ұсыныстарын заң жобасын жасағанда ескеретін боламыз.

- Қазақстандық қоғамда 2018 жылы қолданысқа енетін «Тұрғын үй қатынасы туралы» заңының жаңа нормалары қызу талқыланып жатыр. Әсіресе жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін міндетті Жинақтау қорын құру туралы норма көптеген азаматтардың наразылығын тудыруда. Бізге мұндай қор қажет пе? «Халық коммунистері» фракциясының ТКШ туралы жаңа заңға бірқатар ұсыныстар жасағаны белгілі. Осы ұсыныстар туралы айтып бере аласыз ба?

- Жинақтаушы қор қажет, бірақ ол қалай құрылады – бұл басқа сұрақ. Механизмдерді қарастыру қажет. Қазіргі таңда мембюджеттен ТКШ саласына қаражат бөлінбейді, себебі тұрғын үй жеке меншік болып табылады. Мемлекет жеке меншік үйдің жөндеу жұмыстары мен аббаттандыруымен айналыспайды. Сондықтан осындай қорлар құрылады. Бірақ әзірге біз жаңа заңды көрген жоқпыз. Үкімет құрастырған заң жобасының соңғы нұсқасы Парламентке келгенде, біздің ұсыныстарымыз құжатқа енгізілді ме, жоқ па сонда ғана біле аламыз. Сол кезде біздің фракция өзінің нақты ұстанымын айтады, әсіресе пәтер иелерінің құқығын қорғауға қатысты. Біз ПИК жұмыстарымен толыққанды таныстық, аймақтар бойынша жағдайды да талдап шықтық. Біз ТКШ мәселелері бойынша өзіміздің заң жобамыздың нұсқасын дайындадық, оны бір жыл бұрын үкіметке жолдадық. Өз нұсқасын «Нұр Отан» партиясының фракциясы да әзірледі. Біз ПИК жұмыстарын жетілдіретін нормаларды ұсындық, әсіресе қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты.

- Алматы, Өскемен және басқа да қалалардағы экологиялық ахуал экологтармен қатар тұрғындардың да көкейінде жүр. Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгузі туралы» заң жобасы қарастырылып жатыр. Экологияны бақылау бойынша мемлекеттік функцияларды жеке тұлға бақылауына беру Қазақстанның нашар экологиялық аймақтарындағы жағдайды одан әрі әлсіретпейді ме?

- Құжаттың 87 бабында: «Аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және олардың қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеуге бағытталған тәуелсіз тексеруді жүзеге асыратын жеке тұлға экологиялық аудитор болып табылады» деп жазылған. Бізде мемлекетке деген сенім дағдысы қалыптасқан. Әрине, егер мемлекеттік аппарат жоғары кәсібилікпен және жауапкершілікпен жұмыс істесе, бұл жақсы, ал егер олай болмаса ше? Көптеген мемлекеттік функцияларды жеке құрылымдар да жақсы атқаруы мүмкін. Біз көптен бері жеке балабақшалар мен мектептерге, ЖОО-ға, емханалар мен клиникаларға үйрендік. Олар әкімшілік жағынан дербестеу, бірақ сапаға деген талап өзгермейді ғой. Кәсіби қауымдастықтың талаптарына жауап беру – негізгі басымдыққа ие. Бір дәрігердің кәсібилігін басқа бір дәрігер ғана бағалай алады, сол сияқты экологты эколог қана. Сондықтан біздің өміріміздің барлық салаларында бәсекелестікті арттыруға бағытталған функцияларды тапсыру қауіпті емес, сол жердегі сыбайластық қызметтің салдары үрейлендіреді. Себебі олар өз ісінің маманы болмаса да, үлкен жауапкершілік алып,салдарына жауап бермейді. Қазіргі кезде қоғамда бірақ жол бар – істі кәсіби мамандарға тапсырып, бірлесе сыйбайлас жемқорлықты жеңу қажет. Себебі нағыз маман үшін ең бастысы - кәсіби абырой мен нәтиже.

Сұхбаттасқан Рәзия ӘБДІҚАДЫРОВА

Прочитано 60 раз
Другие материалы в этой категории: « ОРТАҚ ЖОЛДА Жұмыспен қамтудың машақаты »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.