Вторник, 20 февраля 2018 14:00

ҚКХП ОК хатшысы Айқын Қоңыров Куба елшісі Эмилио Певида Пупомен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Таяуда Астанада Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыров пен Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Эмилио Певида Пупоның кездесуі өтті.

Куба елшілігінің бастамасымен өткен кездесуде жаңадан тағайындалған елші Эмилио Певида Пупо  партияаралық байланыс пен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруға дайын екендігін жеткізді.

Елші ҚКХП өкілдеріне Америка Құрама Штаттарының Бостандық аралына блокада жасау мәселесінде Куба ұстанымына қолдау көрсеткендіктеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар Қазақстан компартиясының делегациясына Куба Республикасына барып қайту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сондай-ақ, Эмилио Пупо осы жылдың наурыз-сәуір айларында Кубада президент сайлауы өтетіндігін айтты. Дипломатиялық өкілдің сөзінше, сайлау бірнеше кезеңдерден тұрады.

- Рауль Кастро енді президент болмайды. Президенттікке үміткерлердің барлығы құрметке ие беделді адамдар. Бірақ, бірінші орынға кім шықса да, Кубаның саясаты мен ұстанымы өзгермейді, - деп сендірді Эмилио Пупо. 

ҚКХП ОК Баспасөз қызметі

ForSite2

Прочитано 75 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.