Понедельник, 12 марта 2018 13:54

10 наурыз күні Ұлы Отан соғысының ардагері Полторацкая Мария Ивановна дүниеден озды

Оцените материал
(0 голосов)

94 жасында Отанға деген шексіз махаббат пен патриоттылықтың жарқын үлгісі бола білген керемет адам жарық дүниемен қош айтысты. Отанға деген шексіз махаббат пен патриоттылықтың жарқын үлгісі бола білген керемет жан 94 жасында жарық дүниемен қош айтысты.

Мария Ивановнаның қоржыны әскери және азаматтық наградаларға бай: «За оборону Киева»,  «За победу над Германией»,  «За оборону Кавказа»,  «Маршал Жуков»,  «Адмирал Кузнецов»,  «Ветеран труда» сияқты және мерейтойлық медальдарымен, «Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі» орденімен марапатталған. Ол КСРО түрлі-түсті металлургия министрлігінің құрмет грамотасының иегері, жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге белсене атсалысқаны үшін Н.Назарбаевтан  жеке алғыс алған.

Соғыстан кейін М.И. Полторацкая Щучье қаласына оралып, партияның аудандық комитетінде, аудандық прокуратурада қызмет жасаған.

Мария Полторацкая 10 жыл бойы Жолымбет кенішінің Ардагерлер кеңесін басқарған, ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласқан. 1995 жылдың маусым айында Целиноградқа қоныс аударған. Бұл жерде ол қалалық соғыс және еңбек  ардагерлері кеңесінің қоғамдық негізінде жұмыс жасаған.

М.И. Полторацкая балалық шағында комсомол қатарында болған, 1945 жылы соғыс аяқталғаннан кейін коммунистік партияның мүшесі атанған. ҚКХП-ның құрылу бастауында да тұрған, партияның қоғамдық өміріне белсене араласқан. «Об огнях – пожарищях, о друзьях – товарищях» естелік кітабы да осы жерде жарық көрген.

Poltoratskaya M2

Прочитано 59 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.