Пятница, 13 апреля 2018 11:45

Астанада ҚХР Елшілігі мен ҚКХП өкілдері кездесті

Оцените материал
(0 голосов)

12 сәуір күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің аппаратында Қазақстандағы ҚХР Елшілігі мен партия өкілдерінің кездесуі өтті.

Кездесу барысында қытайлық саяси жүйе мәселесі мен Карл Маркстің 200 жылдығына орайластырылған   іс-шаралар талқыланды.

ҚХР Елшілігі саяси бөлімінің жетекшісі Чжан Бэньян және ҚХР Елшілігінің екінші хатшысы Вэй Лухуа ҚКХП-ның парламенттік партия ретіндегі маңыздылығына ерекше назар аудартып, Қазақстанның экономикалық дамуына үлкен сенім білдірді.

ҚКХП ОК хатшысы Жамбыл Ахметбеков ҚКХП және Қытай Коммунистік партиясы арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындай келе, қытайлық жолдастарды қазақстандық коммунистердің атқаратын іс-шараларымен таныстырып өтті.

Екі жақ ағымдағы саяси жағдайға қатысты пікірлерін ортаға салды, сондай-ақ партияаралық және достық байланыстың одан әрі нығаюына сенім білдірді.

ҚКХП ОК Баспасөз қызметі

Прочитано 16 раз
Другие материалы в этой категории: « В.Косарев теміржолшылармен кездесу өткізді

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.