Вторник, 09 октября 2018 15:36

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің мәлімдемесі Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы идеологиялық негізі әлеуметтік әділдікке құрылған саяси ұйым ретінде Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында бегіленген бастамаларын толыққанды қолдайды.

ҚКХП-ның Орталық Комитеті Мемлекет басшысының Жолдауында әлеуметтік жағдайға басымдық берілгенін белгілейді. Ең төменгі жалақыны ұлғайту мәселесі осыған дейін өзекті болды. Барлық саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қазақстандық әлеумет бұл бастаманы қолдайды. Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасында» белгіленген «7-20-25» бағдарламасын ерекше назарға алу  аса  маңызды. Біздің ойымызша, әртүрлі әлеуметтік-кәсіби страталардағы азаматтардың бағдарламаға қатысуын және кең ауқымды қамту мақсатында  осыған дейін жинақталған тәжірибе бойынша, бұл бастама қайта қарауды және жетілдіруді қажет етеді. Үкімет Президенттің бұл бастамасы бойынша сапалы жұмыс атқаруды жалғастырады деп сенеміз.

Мемлекет басшысы атап өткен Педагог мәртебесі туралы заң қабылдау, мамандықтың әлеуметтік мәртебесін арттыруға бағытталған нақты қадам болады.  Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Елбасының мектептегі білім беру реформаларын аяқтау және ұстаздар мәртебесін арттыру бойынша ұсыныстарын толыққанды қолдайды. Партия және оның депутаттық фракциясы бұл үдеріске өзінің үлесін қосып келеді және әрі қарай да бұл істі жалғастырмақ.

ҚКХП-ның Орталық Комитеті Жолдаудың әлеуметтік контенті және Мемлекет басшысының ашықтығы жоғары деңгейде болды деп санайды.  Миллиондаған азаматтарымыз осы үшін Президентті жақсы көреді. 

Экономиканың шикізат емес секторына тікелей инвестиция қорын құру отандық тауар өндірушілерді дамытудың қосымша және қуатты катализаторына айналады, бұл елдің ұлттық мүддесіне тікелей жауап береді. Біз бұл ұсыныстың іске асырылуы барысын тиісті атқарушы органдар мен қоғам тарапынан бақылауды күшейту қажет деп санаймыз.

 «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын ары қарай жалғастыру туралы тапсырма мультипликативті нәтижеге ие болып, шағын және орта бизнестің дамуына оң ықпал етеді. Бұл өте маңызды.

Ең бастысы Президенттің бастамалары шынайы қаржылық ресурстармен қуаттанып отыр. Экономиканың шынайы секторы дамиды. Бұл дегеніміз жаңа  жұмыс орындары, дұрыс жұмыспен қамту, бұл туралы біз парламенттік тыңдауларда айтқан болатынбыз. Бұл біздің азаматтарымыздың табыстарының артуы, яғни ішкі сұраныстың ұлғаюы болып табылады. Бұл елдің дамуы үшін сауатты құрылған логикалық тізбек. Біз Президенттің Ұлттық банктің алдына қойған мақсаттары жүзеге асады деп ойлаймыз, себебі нақты сандар жарияланды.

 Президент ШОБ дамуына үнемі ерекше назар аударады, сондықтан Мемлекет басшысының кәсіпкерлікке әкімшілік қысым көрсетуді тоқтатуға қатысты үндеуі қисынды. Нұрсұлтан Назарбаевтың «біздің сауда  саясатымызда селқостық болмауға тиіс» деген тезисі аса маңызды. Біз салалық министрліктер Еуразиялық экономикалық одақ аясында қазақстандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға бет бұрады деп сенеміз.

Президенттің ІІМ жұмысын реформалауға  қатысты айтылған өзгерістерін ерекше атап өткен жөн. Бұл азаматтық қоғамның әлеуетті құрылымды реформалау бастамасын Елбасы қолдауға дайын екенін білдіреді.

 Президенттің «барлық бөлімде үш маман ғана қара жұмысты істейді» деген ескертпесі Мемлекет басшысының бюрократиялық жағдайға қатысты айтқан сыны болды. Бұл ойды халық коммунистері де қолдайды. 

Біз Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген мақсаттарды іске асыруға барлық қоғам күштері шоғырланса, біздің елдің жарқын болашағы  үшін әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өрлеу жолында үлкен  белестерге жете алатынына сенімдіміз.

Прочитано 20 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.