Дүйсенбі, 10 Желтоқсан 2018 18:37

ТКШ мәселелері талқыланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Мәжілісте «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста ТКШ мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулер талқыланды.  Жиынға депутаттар, тұрғын үй ассоциацияларының өкілдері және азаматтар қатысты.

Іс-шара модераторы,  коммунистік фракцияның көшбасшысы Айқын Қоңыровтың айтуынша, Қазақстанда ТКШ тақырыбы әрқашанда резонансты болған.

- Заң жобасы қоғамда бір қалыпты қабылданып жатқан жоқ. Бәтуаластық табу қажет. Тұрғын үй қорын басқару саласында мәселе көп. Олар ұзақ уақыт бойы шешілмей келді. Біз бұл жерге аталмыш мәселеге бей-жай қарамайтын, осы саланы жақсы білетін адамдарды шақырдық. Біздің бүгінгі негізгі мақсат – диалог құру, соның нәтижесінде оңтайлы шешім қабылдау, - деді А.Қоңыров.

ҚКХП депутаты, осы заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі Галина Баймаханова әрбір қазақстандық тап болатын ТКШ-ның  бірқатар мәселелерін атап шықты.  Инженерлік жүйелердің тозуы, жоғары тарифтер, кондоминиум жетекшілерінің алаяқ қызметі, жүйеде бақылаудың жоқтығы, осы сияқты көптеген сұрақтар бар, бірақ бұларға қолданыстағы заңнамада жауап жоқ. Бұл дегеніміз жаңа құжат ауадай қажет болып тұр.

Алайда түзетулер мен толықтырулар жағдайды жақсартады деп ойламайтындар да бар. «Шаңырақ» ассоциациясының атқарушы директоры Мадат Нұрымов қолданыстағы заңнаманы өзгертпей, жаңа Тұрғын үй кодексін қалыптастыру керек деп мәлімдеді. Бұған қоса ол құжаттың құрастырушысы ретінде Үкіметті сынға алды. 

- Құрастырушылар сарапшылар қауымдастығының пікірін назарға алмаған, - деді ол. – Оларды ешкім тыңдаған жоқ, назарға да алған жоқ. Мен мұны жауапты түрде және ресми мәлімдеймін. Қазіргі кезде құрастырушы бұл жобаға бірауыздан дауыс берілді деп жатыр. Менің айтарым, бұл олай емес.

Пікіріталас барысында қатысушылар арасында да көптеген келіспеушіліктер болды. «РОАК»  АҚБ, «СЗПП Общественный защитник» төрағасы Виктор Сыздыков біздің елде көп үйлі пәтер иелері кооперативінен бір үйге ғана қызмет жасайтын меншік иелері бірлестіктеріне көшу керек деп санайды.  Оның ойынша, бұл үшін мемлекеттен көп нәрсе талап етілмейді. МИБ ПИК-қа қарағанда тұрғын үй-коммуналды саласын қалыпқа келтіреді.

Ал «Весна» КСП басқарушысы Абылайхан Таубалдин мұндай идеяға қарсы шықты. Сөзіне дәлел ретінде мысал да келтірді.

- Жоба бойынша біз қалыптасқан құрылымды бөлшектеп жатырмыз, - деп түсіндірді ол. – МИБ бір көп пәтерлі үй иелерінен құралады. Бір МИБ 36 пәтер, олардың ауқымы 2 022 м2 құрайды, оның жеке есепшісі, төрағасы болуы тиіс және қызмет көрсету компаниялары мен жеке тұлғалардың қызметтері төленетін болады. Бұл қызмет көрсетілетін аудан тарифінің артуына әкеліп соқтырады.

 МИБ-ке толыққанды көшу қазақстандық тұтынушыларға ешқандай пайда әкелмейді. Жаңа, ауқымды тұрғын үй кешендері қаржылық жүктемені көтере алса, кеңес заманында тұрғызылған ескі типтегі үйлердің қоры мұндай шығындарды көтере алмайды.

Алматы ПИК ассациациясының төрағасы Аркадий Рубцов тиімді нұсқа ұсынды – басқару формаларының әралуандылығын сақтап, негізгі таңдауды тұрғындарға қалдыру.

Отырысты қорытындылай келе, Айқын Қоңыров бұл соңғы кездесу еместігін атап өтті. Заң жобасы бойынша жұмыс әлі де жалғасады, яғни талқыланып жатқан нормаларды түзету және жақсарту үшін халық қалауларына сарапшы-тәжірибешілердің пікірі маңызды.

Маргарита НИКИТИНА

OsivsKSK 2OsivsKSK 2OsivsKSK 2OsivsKSK 2OsivsKSK 2OsivsKSK 2OsivsKSK 2

Прочитано 223 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.