Сәрсенбі, 13 Ақпан 2019 16:04

«Капитализм сергелдеңі» бәсекелестік Избранное

Оцените материал
(1 Голосовать)

Байқау ережелері Шығармашыл жастар арасындағы плакат дизайнының байқауы:

«Капитализм сергелдеңі»

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:

1. Байқау ұйымдастырушысы – Коммунистік жастар одағы (Комсомол), Қазақстан Коммунистік Халық партиясы жанындағы жастар қанаты.

2. Жобаның мақсаты: дарынды жастарды анықтау және қолдау, жастардыңі шығармашылық қабілетін іске асыруға жағдай жасау, жастарды патриоттық, интернационализм, Отанға деген махаббат рухында тәрбиелеуде заманауи плакаттардың рөлін арттыру, капиталистік қоғамның кемшіліктерін әшкерелеуге және жоюға атсалысу.

3. Байқау мақсаты: дарынды және креативті жастарды іздестіру, жастар шығармашылығына қоғам назарын аударту.

4. Байқаудың атауы: «Капитализм сергелдеңі».

Байқауды өткізу барысында ұйымдастырушы мынадай түсініктерді басшылыққа алады:

Плакат (жұмыс) – аталмыш байқаудың міндеті мен мақсатына сай келетін, кез келген техникалық, компьютерлік графикада түс, ауқым, символ арқылы жасалынған графикалық, көркемдік, стильдік бейне.

Конкурсант – байқауға қатысушы.

Байқау жұмысы – байқауға қатысу үшін жіберілген жұмыс.

Байқау жеңімпазы – 1 орын, байқау талаптарына сай және интернет арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған қатысушы.

Байқау лауреаты – байқау талаптарына сай және интернет арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша 2-ші немесе 3-ші орын алған қатысушылар.

Байқаудың әділ-қазылары – үш адамнан құрылған комиссия, оның құрамына кіретіндер:

  1. Сұлтанғалиев Сұлтанбек – Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитеті Хатшысының саяси сұрақтар бойынша кеңесшісі, Rezonans.kz порталының бас редакторы
  2. Балсарин Р. – Қазақстан Коммунистік жастар одағының төрағасы
  3. Өтелбаева Г. – коммунист, танымал блогер және қоғам қайраткері

2. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ

1. Байқау осы Ереже www.knpk.kz сайтында ресми түрде жарияланғаннан кейін 2019 жылдың 13 ақпанынан басталады.

2. Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу және финал.

a) Іріктеу кезеңі 2019 жылдың 13 ақпаны мен 13 наурызы аралығында өтеді. Кезең аяқталғаннан соң байқауға келіп түскен жұмыстар қаралады, кейін әділ-қазылар алқасы финалға қатысатын үміткерлердің құрамы туралы шешім қабылдайды. Ұйымдастырушы www.knpk.kz, www.ksmk.kz, www.facebook.com/zenterknpk, www.facebook.com/KSMKaz ақпараттық ресурстарында 2019 жылдың 18 наурызынан кешіктірмей финалға өткен қатысушылардың тізімін жариялайды.

Финал 18 наурыз бен 30 наурыз 2019 жыл аралығында ұйымдастырылады. Финал Facebook әлеуметтік желісіндегі ҚКХП-ның www.facebook.com/zenterknpk ресми парақшасында дауыс беру арқылы өтеді. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жұмыстарына сілтеме беру арқылы олардың интернет дауыс беруге қатысуларын растайды.

Байқаудың жеңімпаздары мен номинация лауреаттарының есімдері 2019 жылдың 1 сәуірден кейін жарияланады.

Байқауға қатысушылар www.knpk.kz және www.ksmk.kz ресми сайттарында көшіріп алуға болатын 1 Ереже формасына сай өз қолдарымен жазылған өтініштің түрлі-түсті скан-көшірмесін және Ұйымдастырушының Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына байқауға қатысатын жұмысын жолдайды (хаттың тақырыбын «Дизайн байқаукы» деп белгілеу қажет). Өтініш пен жұмыстар 13 ақпан мен 13 наурыз 2019 жыл, Астана уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін ғана қабылданатын болады. Қабылдау мерзімінен кейін жіберілген жұмыстар қарастырылмайды.

3. БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ЖӘНЕ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСАТЫН ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1. Байқауға қатысушылардың жасы - 16-29 жас

2. Байқауға қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі жұмыстар қабылданады

3. 3 жұмыстан артық жұмыс қабылданбайды

4. Байқауға байқаудың тақырыбына сай келетін кез келген сипаттағы плакаттар (жұмыстар) қабылданады

5. Байқау жұмысында жеке-жеке немесе барлығы бірдей мынадай сөздер орын алуы тиіс: Еңбек ету құқығы; Халық билігі; Әділдік, Интернационализм; Саяси теңдік

6. Байқау жұмысына автордың шығармашылық идеясын ашатын қысқаша түсініктеме жазылуы тиіс (100 символдан аспауы тиіс)

7. Плакат (жұмыс) дизайны вертикалды болуы шарт, жұмыстың бұрышында жұмыс авторының қолы тұруы тиіс. Формат - jpg немесе pdf, минималды тұнықтық - 300dpi. Максималды көлем – 20 МВ. Түс – CMYK.

8. Zip файлдар қабылданбайды.

4. БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ

1. Өзінің өтініші арқылы байқауға қатысушы өзінің авторлық жұмысын растайды. Авторлық немесе сабақтас құқық бұзылған жағдайда жауапкершілік байқауға қатысушыға артылады.

2. Байқауға қатысушы, байқауға жолдаған жұмысының барлық құқын қайтарымсыз және ақысыз негізде Ұйымдастырушыларға ұсынатынын растайды және осыған келісім береді.

3. Ұйымдастырушылар осы Ереженің талаптарына сай келмейтін және өтініш беру мерзімінен тыс уақытта келген өтініштерді қабылдамайды.

4. Байқауға қатысушы байқауға жіберілетін жұмысты дайындау және ұсыну шығындарын өзі көтереді, байқаудың нәтижесіне қарамастан, Ұйымдастырушы бұл шығындарға жауапты емес.

5. Байқау жұмыстары рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.

6. Ұйымдастырушы ешбір жазбаша түсініктемесіз байқау жұмысын қабылдамауға құқылы.

7. Ұйымдастырушы байқау жеңімпазы мен байқау лауреаттарының жалпы дауыс саны 100 дауыстан кем болған жағдайда байқау өткізілмеген деп тануға құқылы.

5. БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ

 Байқауға қатысушылар финалға мынадай критерилер бойынша өтеді:

1. «Капитализм сергелдеңі» тақырыбын ерекше ұсыну.

2. Байқау жұмысының ерекше/креативті дизайны және техникалық безендірілуі.

3. Автордың шығармашылық идеясын ашатын қысқаша түсініктеменің ерекшелігі.

6. ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ

1. Байқау қорытындысы бойынша интернет арқылы ең көп дауыс жинаған 3 байқау материалы ақшалай ұтысқа ие болады:

I орын – 150 000 тг.

II орын – 100 000 тг.

III орын – 75 000 тг.

2. Жүлделі орынға ие болған байқау жұмыстарының авторларын марапаттау рәсімінің өту орны мен уақыты қосымша хабарланатын болады.

3. Байқау жеңімпазы деп танылған байқау материалының авторы Астана қ. өтетін марапаттау рәсіміне қатысуға міндетті. Марапаттау өтетін мекен-жай мен уақыт қосымша хабарланады. Байқау жеңімпазы Астана қаласына келу мен қалада тұру шығындарын өзі көтереді.

4. Байқау жеңімпазының марапаттау рәсіміне қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда, жүлделі орын интернет арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша екінші орын алған жұмысқа беріледі.

7. ҚОСЫМША ТАЛАПТАР

Ұйымдастырушылар мен Байқау әділ-қазыларының ұйғарымы бойынша меншік формасы мен резиденттіліккке қарамастан заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің азаматтары байқауға арнайы және қосымша жүлделер мен наградалар тағайындай алады.

afishkonkurs

Прочитано 214 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.