Среда, 01 мая 2019 09:58

Құрметті жолдастар! Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының атынан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні және Көктем мен Еңбек мерекесіне арналған жүрекжарды құттықтауды қабыл алыңыздар.

Көпұлтты ел үшін бұл мерекенің маңызы зор. Бүгінгі таңда түрлі ұлттар мен ұлыстардың ортақ Отанына айналған Қазақстан әлем елдеріне ырыс пен ынтымақтың ең озық үлгісін паш етіп отыр.

Отаны мен отбасын гүлдендіру жолында тер төгіп жүрген жандардың жүрегінен бірлік деген қасиетті ұғым орын алған. Ол қастерлі әрі киелі болып қала бермек.

Шын жүректен барша қазақстандықтарға мәнді, мағыналы ғұмыр, денсаулық, құт-береке тілеймін!

Туған жерімізде бейбітшіліктің бесігі тербеліп, келісім мен жарасымның жалауы желбірей берсін!

Құрметпен,

ҚКХП ОК Хатшысы

Айқын Қоңыров

Прочитано 14 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.