Пятница, 21 июня 2019 09:20

Құрметті жолдастар! Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Сіздерді Қазақстан Коммунистік Халық партиясының 15 жылдығымен құттықтаймын!

Біз ұзақ жолды өткердік, оның басты нәтижесі коммунистер партиясы шынайы ХАЛЫҚТЫҚ партияға айналды!

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жергілікті жерлердегі мәселелерді шешуге белсене атсалысатын солшыл бағытта қалыптасқан бірлестік.

Коммунистердің үлкен жоспары бар. Партия үздік сапаны сақтай отырып, алға қарышты қадам жасайтынына сенеді.

Құрметті әріптестер, белсенділер және Қазақстан Коммунистік Халық партиясының жақтастары! 

Партияның еңбек адамының өмірін жақсартуға, жасампаздыққа, әлеуметтік әділдікке, еркіндік пен гүлденген экономикаға бағытталған бағдарына деген адалдықтарыңызға алғыс білдіремін.

Шын жүректен қызметтеріңізге абырой мен табыс тілеймін. Денсаулықтарыңыз зор, бақыттарыңыз мол болсын. Әрқайсыңыз сәттілікті  серік етіңіздер!

Құрметпен,

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы

Орталық Комитетінің Хатшысы 

А.Қоңыров

                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

 

Прочитано 125 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.