Вторник, 25 июня 2019 09:35

Құрметті қазақстандықтар! Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік халық партиясы Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған апатты оқиғадан тыс қалмайды.

Біз төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге киім, азық-түлік, гигиеналық зат қабылдау пунктін ұйымдастырамыз.

ҚКХП ел азаматтарын қиындықа тап болған жандарға көмек қолын созуға шақырады!

ҚКХП Орталық комитетінің жанынан жапа шеккендерге көмек қолын созғысы келетін астана тұрғындары үшін қабылдау пункті ашылды.

Атырау көшесі 8- үй мекенжайында орналасқан қабылдау пункті сағ 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Байланысу үшін   8 7172 77 91 73; +77753162664 нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Екінші қабылдау пункті Шымкент қаласы Толстой көшесі 119, 2 кеңседе жұмыс істейді.   8  707  162 33 25; 8 7252 53 60 57 номерлеріне сағ 9:00-ден 18:00-ге дейін хабарласуларыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар «Шапағат» қайырымдылық қоры халықтық жобасы   банктік есепшот ашқанын хабарлаймыз.

Көмек қолын созуға ниет білдірген жандар ақшалай қаражаттарын жолдай алады.

Жиналған қаражат зардап шеккендерге көмек ретінде жолданады.

БИН 190540000301

Қазақстан Республикасы 010000,

Нұр-Сұлтан қаласы

БИК TSESKZKA

AO «First Heartland Jysan Bank»

KZ06998BTB0000472950

Құрметі қазақстандықтар!

Зардап шеккендерге түрлі көмек қажет, оның ішінде: тұрмыстық химия, памперс, төсек орын жабдығы, гигиеналық заттар.

Қажет болған жағдайда партия өкілдері заттарды үйден алып кете алады.

Прочитано 103 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.