Пятница, 28 июня 2019 09:50

ҚКХП Арысқа көмек жөнелтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік халық партиясы Арыс қаласына 5 тонна азық-түлік пен алғашқы тұтыну заттары тиелген жүк көліктерін жөнелтті.

Бұдан бұрын Түркістан облысының Арыс қаласындағы апаттан зардап шеккен жандарға көмек көрсету үшін Қазақстан Коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің жанынан қабылдау пункті ашылды. Оған елордалықтар азық-түлік пен алғашқы тұтыну заттарын тапсырды.

Аймақтарда ашылған қабылдау пунктеріне де ел азаматтары толассыз хабарласты.

Бұдан бөлек коммунистер Түркістан облысының Арыс қаласындағы апаттан зардап шеккен жандарға бір күндік жалақыларын аударды.

Коммунистер мен елорда тұрғындарынан жиналған жылу ертең Арыс тұрғындарына табысталады.

Айта кетейік, бұған дейін коммунистер Түркістан облысының Арыс қаласындағы апаттан зардап шеккен жандарға бір күндік жалақыларын аударды.

Естеріңізге салайық, маусымның 24-і күні таңертең Арыс қаласындағы әскери қоймадан өрт шығып, соңы жойқын жарылысқа ұласты. Салдарынан 3 адам қаза тапты. Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланып, қаладан ондаған мың адам эвакуацияланды.

ҚКХП баспасөз қызметі

Арыс помощь 9Арыс помощь 9Арыс помощь 9Арыс помощь 9Арыс помощь 9Арыс помощь 9Арыс помощь 9Арыс помощь 9

Прочитано 49 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.