Сәрсенбі, 03 Шілде 2019 16:46

ЖОҒАРЫЛАҒАН ЖӘРМЕДАҚЫНЫ ЕЛІМІЗДЕ 95 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ АЛАТЫН БОЛАДЫ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Құрметті достар, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде көптеген отандастарымыздың өміріне ықпал ететін заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Солардың ішінде мүгедек балалардың асыраушылары алатын жәрдемақының өсуіне назар аударғымыз келеді. Жоғарылаған жәрмедақыны елімізде 95 мыңнан астам адам алатын болады. Алайда біз осы санаттағы адамдардың одан да көп құқықтар мен мүмкіндіктерге қол жеткізгендерін қалаймыз. «Халықтық коммунистер» фракциясының депутаттары Премьер-Министрдің орынбасарына мүгедек балалардың өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін мәселелерді шешуді ұсынатын депутаттық сауал жолдаған болатын. Құжатқа кірген кейбір ұсыныстарға тоқтасақ:

 - балабақшаларда ақыл-есі түзу мүегедек балалар үшін топ ашу мәселесін қарастыру;

  - үйде оқытылатын балаларға сабақ сағаттарын толығымен қайтару, білім беру сапасын арттыру, қазіргі таңда сағат сандары қысқартылған;

- асыраушысынан айырылу және мүгедектік бойынша жәрдемақы алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Қазіргі таңда асыраушысынан айырылған жағдайда, мүгедектік немесе асыраушысынан айырылу бойынша ғана бір  жәрдемақы алуға болады;

 - мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға ерекше статус белгілеу қажет;

 - мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың зейнеткерлікке шығу жасын төмендетуді ұсынамыз. Сонымен қатар бір ата-анаға қықсартылған жұмыс күнін енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз;

- асырап алуды рәсімдеу тәртібін қайта қарастыру қажет. Қазіргі таңда бұл процедура 9 айға созылады. Бұл мерзім ішінде отбасы қаржылай көмек алмайды. Бұл жағдайда  толық емес отбасыларға тіптен қиын.

Депутаттық сауалдың толық нұсқасын келесі сілтеме бойынша оқи аласыздар: https://knpk.kz/kz/khaly-kommunister-fraktsiyasy/deputatty-saualdar/64790-deputatty-saual

Прочитано 90 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.