Четверг, 04 июля 2019 16:07

110 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРДЫ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Құрметті оқырмандар, өздеріңіз білетіндей, жақында қазақстандық мектеп бітірушілердің өмірлеріндегі ең жауапты кезеңдердің бірі өткен болатын. 110 мыңнан астам түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Дегенмен 28 мыңға жуық мектеп бітіруші жастар шекті бал жинай алмады. Үміткерлер мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдағандары жөн.

«Атамекен» ҰКП зерттеулеріне сәйкес, елімізде мектеп бітіргендердің 35%-ы өзге мамандық бойынша жұмыс істеп жатыр, ал 40%-ы алғашқы жылы жұмысқа орналаса алмайды.

Біздің партияның мүшелері ағымдағы жылдың 19 маусымында Премьер-Министр Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдаған болатын. Сауалда мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру және сапалы мамандарды даярлау мәселелері көтерілді.

«Түлектердің басқа елде жоғары білім алулары жиілеп барады (әлемнің 54 елі, оның ішінде Моңғолия, Мальта, Оман және т.б. бар). Қазіргі таңда әрбір жетінші қазақстандық шетелде оқиды, бұл дегеніміз 107 мың адам. Олардың елге қайтып келетіндеріне ешкім кепіл бере алмайды. 

Кадрларды даярлауды кәсіпорын есебінен ұлғайту қажет.  Өндірісте білімді адамдардың жұмыс істеуі мамандар арасында бәсеке тудыртуы тиіс. Мектеп түлектері ҰБТ қорытындысы бойынша өз қалаулары емес, мемлекеттік гранттар бойынша мамандық таңдайды.  Сондықтан мамандық бойынша жұмыс істемейді немесе жеке кәсіпкерлерге жұмыс істейді.» - делінген.

Депутаттық сауалдың толық нұсқасын келесі сілтеме бойынша оқи аласыздар: https://knpk.kz/kz/khaly-kommunister-fraktsiyasy/deputatty-saualdar/64791-deputatty-saual

Прочитано 35 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.