Алматыда «КИПР» сараптамалық тобының ұйымдастыруымен өткен жиында «Қазақстандықтардың шынайы табысы: Тұрақты өсім факторы» деген тақырып талқыланды.

Жиынға Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы, Парламент Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров, ҚКХП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әлібек Шапенов қатысты.

Бейсенбі, 07 Наурыз 2019 17:30

Құрметті ханымдар!

Құрметті ханымдар!

Сіздерді шын жүректен көктем мерекесі, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Әйелдер қауымы әрқашанда отбасы мен шаңырақтың ұйытқысы, адамгершіліктің, жақсылық пен рақымдылықтың нышаны болған!

Жақындарыңыз бен достарыңыз үнемі жандарыңыздан табылып,

шаңырақтарыңызға амандық пен береке-бірлік орнасын. 

Сіздерге денсаулық, материалдық игілік пен жақындарыңыздың махаббатын тілеймін. Асқақ армандарыңыз орындала берсін. Мерекелеріңізбен!

ҚКХП ОК Хатшысы                                          А. Қоңыров

Қазақстан Коммунистік халық партиясының Орталық Комитеті мен Парламент Мәжілісінің «Халық коммунистері» депутаттық фракциясы коммунистік идеология мен әлеуметтік әділдік идеясының мыңдаған қазақстандық жақтастарының атынан кеңестік және ресейлік атақты ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Жорес Иванович Алфёровтың қайтыс болуына байланысты жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Байқау ережелері Шығармашыл жастар арасындағы плакат дизайнының байқауы:

«Капитализм сергелдеңі»

Сейсенбі, 15 Қаңтар 2019 11:01

Тау тұлға

2019 жылдың қаңтар айында ҚКХП-ның партиялық бөлімшелері көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 107 жылдығын атап өтті. 

Д.А. Қонаев 1912 жылдың 12 қаңтарында Алма-ата қаласында дүниеге келген. 1936 жылы Мәскеу түсті металл және алтын институтын тәмамдап, еңбек жолын «Прибалхашстрой» тресінде бастаған. Қазақстанды шамамен 25 жыл басқарған. 1993 жылдың 22 тамызында қайтыс болған.

Дүйсенбі, 10 Желтоқсан 2018 18:37

ТКШ мәселелері талқыланды

Мәжілісте «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста ТКШ мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулер талқыланды.  Жиынға депутаттар, тұрғын үй ассоциацияларының өкілдері және азаматтар қатысты.

Іс-шара модераторы,  коммунистік фракцияның көшбасшысы Айқын Қоңыровтың айтуынша, Қазақстанда ТКШ тақырыбы әрқашанда резонансты болған.

27 қараша күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясының делегациясы Вьетнам республикалық жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Елдегі жастар қозғалысы  жоғары ұйымдастырушылық деңгейге қойылған: Вьетнамда республикалық және аймақтық маңызы бар 67 жастар ұйымы жұмыс істейді. Вьетнам жастар ұйымдарының өкілдері Қазақстаннан келген әріптестеріне комсомолдық жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Вьетнам комсомолы жас вьетнамдықтардың білім алуы мен жұмысқа орналасуларына  көмек көрсетуді өздерінің басты мақсаты санайды.  Бұл мәселені шешу үшін комсомол мемлекеттік және партиялық органдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Сонымен қатар комсомолдық ұйым мұқтаж жастарға материалды көмек көрсетумен де айналысады.  Әлеуметтік желілердегі насихат жұмыстарына көп мән беріледі.

Жұмыс күнінің соңында ҚКХП делегациясы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Фань Динь Чак жолдаспен кездесті. Вьетнамдық коммунист Қазақстан және оның көшбасшысының Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ аясында еуразиялық мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын күшейту бастамасымен байланысты заманауи интеграциялық үдерістердің жоғары деңгейін атап өтті.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.