2019 жылдың 10 сәуірінде ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің ұйымдастыруымен Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылының №10 орта мектебінде «Мамандықты дұрыс таңдау – өмірдегі сәттіліктің кепілі. Қай жерден білім алуға болады?» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

9 сәуір күні ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті Ақтау машина жасау зауытында «Мамандықпен танысу» акциясын өткізді.

ҚКХП Маңғыстау облыстық филиалының коммунистері «Көктемгі шақырылым» акциясын өткізді. Акция аясында Ақтау қаласының тұрғындары Қазақстан Коммунистік халық партиясының қатарына шақырылды.

1 наурыз Алғыс айту күні қарсаңында және «Шапағат» халықтық жобасы аясында Маңғыстау облыстық комитетінің коммунистері зейнеткер, еңбек ардагері Толстова Нина Григорьевнаға қайырымдылық көмек көрсетті.

2019 жылдың 20 ақпанында ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті Ш.Есенов атындағы КМТИУ ғимаратында «Жастар – елдің стратегиялық ресурсы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Оған Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасы саяси партиялармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Б.Әбдіқадырова, «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорының жетекшісі Ж.Маханбетова, кәсіпкер Ж.Давлетова, Ш.Есенов атындағы КМТИУ, «Мейірбике» медициналық колледжінің мен ҚазККА колледжінің  студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

27 қаңтар күні Ленинградтың фашистік блокададан толық азат болуына 75 жыл толды. Ленинград қаласы 871 күн қоршауда болған.

2019 жылдың 4 ақпанында Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің мәжіліс залында осы тарихи оқиғаға арналған қоғамдық пікірталас өтті. Пікірталас қатысушылары «Блокада бұл – қылмыс па әлде әскери әдіс пе?», «Ленинградтық блокаданың тарихи маңызы», «Қазақстандағы ҰОС-на деген заманауи көзқарас» тақырыптарын талқылады.

31 қаңтар күні ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Р.Махамбетованың Мұнайлы ауданының әкімі Р.Елтизаровпен кездесуі өтті.  Аудан әкімшілігінің жетекшісі Р.Махамбетоваға аудан тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің шешілуіне белсене атсалысқандығы үшін алғысын білдірді.

17 қаңтар күні ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің мүшелері Жаңаөзен қаласында  «Партия дауысы» акциясын өткізді. Коммунистер акция барысында қала тұрғындарын «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының депутаттық сауалдарымен таныстырып, «Коммунист Казахстана» журналы мен партияның белгісі бейнеленген күнтізбелер таратты. 

Страница 1 из 5

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.