Пятница, 01 февраля 2019 14:32

Маңғыстау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Р.Махамбетова Мұнайлы ауданының тұрғындарымен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

31 қаңтар күні ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Р.Махамбетованың Мұнайлы ауданының әкімі Р.Елтизаровпен кездесуі өтті.  Аудан әкімшілігінің жетекшісі Р.Махамбетоваға аудан тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің шешілуіне белсене атсалысқандығы үшін алғысын білдірді.

Сонымен қатар коммунистер Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау ауылының №5 мектебінде тұрғындармен кездесу өткізді.  ҚКХП облыстық комитетінің  жетекшісі 2018 жылы партияның атқарған жұмысы мен 2019 жылға арналған жұмыс жоспары жайында баяндама жасады. Сондай-ақ кездесу қатысушыларына ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің 2018 жылғы қызметі туралы таныстырылым слайд көрсетілді. Сөз соңында Р.Махамбетова ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында партияның нышаны бейнеленген  күнтізбелер мен «Коммунист Казахстана» журналы таратылды.

MangMunayRay 6MangMunayRay 6MangMunayRay 6MangMunayRay 6MangMunayRay 6MangMunayRay 6

Прочитано 178 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.