Четверг, 21 февраля 2019 16:31

Маңғыстау облыстық комитеті студенттердің мемлекеттік орган, қоғамдық ұйымдар мен бизнес өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 20 ақпанында ҚКХП Маңғыстау облыстық комитеті Ш.Есенов атындағы КМТИУ ғимаратында «Жастар – елдің стратегиялық ресурсы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Оған Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасы саяси партиялармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Б.Әбдіқадырова, «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорының жетекшісі Ж.Маханбетова, кәсіпкер Ж.Давлетова, Ш.Есенов атындағы КМТИУ, «Мейірбике» медициналық колледжінің мен ҚазККА колледжінің  студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Роза Махамбетова өз сөзінде, жас буын – халықтың ең белсенді, ұйымдасқан тобы, ол жаңа идеялар мен бастамалардың генераторы, қоғам қуаты  екендігін атап өтті. «Жастар – еліміздің болашағы ғана емес, олар біздің қазіргі таңымыз. Жастар азаматтық қоғамның белсенді құрамы.  Жастар әртүрлі салаларға жаңа инновациялық жобалар мен технологияларды енгізуге бейімді, олар жаңа білім мен идеялардың қайнар көзі. Сондықтан қазақстандық жастар еліміздің басты стратегиялық ресурсы ретінде қабылдануы тиіс», - деді ол.

«Жастар жетістіктері» қоғамдық қорының жетекшісі Ж.Маханбетова жастарды жарқын болашақ үшін сапалы білім алуға шақырды.

Жас кәсіпкер Ж.Давлетов өзінің бизнес жолындағы жетістіктері туралы тілге тиек етті. ҚКХП МОБ екінші хатшысы С.Қарабалаева жас азаматтарға жастар жұмысына, соның ішінде  ҚКХП МОБ Жастар қанатының жұмысына белсене қатысуға кеңес берді.

Кейін ол студенттер арасында «Ең ақылды» викторинасын өткізді. Ең белсенді студенттер ҚКХП атынан сыйлықтарға ие болды.

MangMolod 5MangMolod 5MangMolod 5MangMolod 5MangMolod 5

Прочитано 5 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.