Четверг, 11 апреля 2019 12:19

Маңғыстаулық коммунистер Батыр ауылында оқушыларға арналған дөңгелек үстел өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 10 сәуірінде ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің ұйымдастыруымен Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылының №10 орта мектебінде «Мамандықты дұрыс таңдау – өмірдегі сәттіліктің кепілі. Қай жерден білім алуға болады?» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Іс–шараға жоғары сынып оқушылары және олардың ата–аналары, мектептің педагогикалық ұжымы қатысты. Сонымен қатар Ш.Есенов атындағы КМТИУ, ҚазККА колледжінің, Мұрын жырау Сеңгірбай атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің, «Мейірбике» медициналық колледжінің, Х.Өзбекхалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің өкілдері қатысты. Олар өздерінің оқу орындары, ондағы мамандықтар туралы ақпарат берді. Өз кезегінде оқушылар дайындық курстары мен оқуға қабылдау үрдісіне қатысты сұрақтарын қойды.

Ш.Есенов атындағы университеттің өкілдері өздерінің биік жетістіктерге жеткен түлектері және ЖОО–ның қызметі туралы қысқа метражды бейнебаян көрсетті. Кездесу соңында парапсихолог Мариям Сексенбаев оқушылар арасында мамандық таңдауда неге сүйену керектігі жайлы әңгімелесу өткізді.

Дөңгелек үстел соңында мектеп ұжымы коммунистерге өткізген шаралары мен оқушыларға бөлген көңілдері үшін алғыс білдірді.

MangProfsessiya 15MangProfsessiya 15MangProfsessiya 15MangProfsessiya 15MangProfsessiya 15MangProfsessiya 15MangProfsessiya 15MangProfsessiya 15MangProfsessiya 15MangProfsessiya 15MangProfsessiya 15MangProfsessiya 15MangProfsessiya 15MangProfsessiya 15MangProfsessiya 15

Прочитано 139 раз
Другие материалы в этой категории: « Ақтау машина жасау зауытындағы экскурсия

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.