Түркістан облысында осы тақырыпта қоғамдық пікірталас өтті. Іс-шара осы жылдың 10 қазанында жарияланған Қазақстан Президентінің Жолдауына орайластырылды.  Пікірталасқа Шымкент қаласының №15 мектеп-лицейінің ұстаздары, Ардагерлер кеңесі мен «Оставим народу жилье» ҚБ  мүшелері, обком активі қатысты.

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде ардагер-коммунистер үшін мерекелік дастархан жайылды. Өкінішке қарай, басқосуға денсаулықтарына байланысты шақырылғандардың барлығы бірде қатыса алмады.

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті жастар қанатының белсенділері «Жас жаяу жүргінші» акциясын өткізді. 

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті Шымкент қаласында «Көмек беру құқығы» акциясын өткізді. Коммунистер қала тұрғындары арасында   Қазақстан Коммунистік Халық партиясының қызметі, облыстық комитеттің қоғамдық қабылдауының жұмысы мен заңгердің  кеңес беру кестесі жазылған екі тілдегі ақпараттық буклеттер таратты.

12 қыркүйек күні ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Қазақстан жастары – кеше, бүгін, ертең» тақырыбында қоғамдық пікірталас ұйымдастырды. Оған Білім беру басқармасының, Білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподағының, Ардагерлер кеңесінің, ҮЕҰ-ның, «Ақ жол» ХДП-ның өкілдері мен қоғам қайраткерлері және обком белсенділері қатысты.

Биыл Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Мектепке жол» акциясын «Шапағат» мектепке дайындайды» жобасымен бірлесе өткізді.  Себебі жобаның өз қатысушылары бар, олар обком кеңсесіне келіп қажетті киімдерді алып тұратын көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар.

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті  Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні облыстың «Отырар» ТРК, «Южный Казахстан», «Оңтүстік Қазақстан», «Айғақ», «Рабат» газеттері сияқты алдыңғы қатарлы ақпарат құралдарына барып, журналистер қауымын кәсіби мерекемен құттықтады. БАҚ жетекшілеріне құттықтау хатпен қоса басылым мен ҚКХП-ның логотипі бейнеленген торттар табысталды.

21 маусым күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясының облыстық, аудандық және қалалық комитеттері жыл сайын партияның ресми тіркеуден өткен күнін атап өтеді.

Бүгін партияның белсенділері мен ардагерлері ҚКХП-ның Шымкент шаһарындағы облыстық кеңсесінде бас қосты. Обком кеңсесінде мерекеге орай фотоқабырға дайындалып, келушілерге «Коммунист Казахстана» журналының жаңа саны мен партиялық парақшалар  таратылды.

Страница 1 из 3

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.