Пятница, 23 февраля 2018 18:40

ОҚО халық коммунистері Қызыл әскердің 100 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті Жастар қанатының қатысуымен Қызыл әскердің 100 жылдығына  арналған салтанатты жиын өткізді.

Отырысқа Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері, Шымкент қаласы Ардагерлер кеңесінің коммунист-ардагерлері, қоғам белсенділері мен жастар қанатының активі қатысты.

Қатысушылар ҚКХП ОК хатшысы Дмитрий Легкийдің Қызыл әскердің 100 жылдығына арналған «Рожденная в боях» мақаласын талдады. Мақалада Антанта елдері мен Ақ гвардияның генералдарына тойтарыс бере алған Жұмысшы-шаруа әскерінің құрылуы мен қызметі туралы тарихи фактілер келтірілген.

Қатысушылар кейбір сарапшылардың Ұлы Қазан революциясының, Азаматтық соғыс пен Қызыл әскердің тарихын жоққа шығару іс-әрекеттеріне жол бермеу керектігін атап өтті. Тарих объективті қабылдануы және бағалануы тиіс, шынайы тарихсыз болашаққа  қадам басу қиын.

«Отанды қорғау – патриоттықтың белгісі, - деген пікір білдірді жас комсомолдықтар. Қазақстан тәуелсіздігі әрбір азаматтың оның партиялық немесе діни ұстанымына қарамастан баға жетпес құндылығы болып табылады!».

Кездесу соңында қонақтарға мерекелік дастархан жайылды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Сапарбай Өтемісұлы В.И. Ленин туралы спектакльден үзінді ойнап берді.

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті

YUKO3YUKO3

Прочитано 16 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.