Четверг, 01 марта 2018 10:10

ОҚО-да ең жоғары тарифтер. Мәселенің оңтайлы шешімі бар ма?

Оцените материал
(0 голосов)

28 ақпан күні  Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінде партия өкілдері мен Ардагерлер кеңесінің, қоғам қайраткерлері мен обком активінің қатысуымен «ОҚО-дағы жоғары тарифтер туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

БАҚ мәліметі бойынша, ОҚО-дағы коммуналды шығын тарифі халықтың төмен табысы жағдайында  республика бойынша ең жоғары болып тұр. ОҚО жылу энергиясының бағасы бойынша бесінші орында, ал заңды тұлғалар жылу үшін көрші Қызылорда облысына қарағанда бес есе артық төлейді.

Электр қуатының тарифі Өскемен, Павлодар, Петропавл қалаларына қарағанда екі есе қымбат. Бұл электр қуатының Экебастұздан «КЕГОК» АҚ желісі арқылы келетіндігіне байланысты.

 Табиғи газдың мың шаршы метрі  34475,2 теңге тұрады, бұл Атыраумен салыстырғанда 4 есе жоғары, кәсіпкерлер үшін де басқа облыстармен салыстырғанда едәуір қымбат.

Энергетика басқармасы жетекшілерінің пікірінше, газ бен электр қуаты тарифтерін теңдестірген жағдайда ғана ОҚО-ны қиын ахуалдан алып шығуға болады.

Бюджеттік ұйымдар үшін су құны қымбат, су бағасы бойынша ОҚО үштікке кіреді. Ал ОҚО халқының орташа табысы 98,9 мың теңгені құрайды. Салыстырмалы түрде мәлімет келтірейік: Қызылордада орташа табыс 117,9 мың теңге, Батыс Қазақстанда   136,9 мың теңге. Сөзсіз, бұл жағдай аймақ халқын үрейлендірмей қоймайды.

Жоғары тарифтер кіші және орта бизнес қызметіне әсер етеді. Бұл туралы облыстық мәслихат және Парламент депутаттары да айтып жүр. Облыс бойынша экономикалық белсенді халық 42,2 пайызды құрайды, ал халықтың  31,3 пайызы ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі табысқа ие.

 Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті ұсынады:

- ТКШ компаниялары үшін коммуналды желілерді жаңғырту барысы туралы ай сайынғы есеп жүйесін енгізу. Есепте шығындар мен атқарылған жұмыс, алынған материалдардың сапасы туралы мәлімет болуы тиіс.

- ауыз су, жылумен қамту сапа стандарттарын қайта қарастыру. ТКШ қызметінің сапасы бойынша қоғамдық бақылау кеңесін құру;

- басқарушы компаниялар жұмысына тәуелсіз бағалау өлшемдері мен қызмет стандарттарын қабылдау;

- коммуналды төлемдерді мақсатсыз пайдаланғандары үшін басқарушы компанияларға қатысты қатал санкциялар енгізу;

- шығынға жұмыс істейтін немесе тарифтерді негізсіз көтеретін басқарушы компанияларда мемлекет үлесін арттыру;

- ТКШ-ның инженерлік-техникалық базасын қалпына келтіру бойынша республикалық бағдарламасын құрастыру;

- Үкімет деңгейінде коммуналды қызмет бағасы отбасының жиынтық табысының 10 пайызынан аспайтын коммуналды қызмет төлемдері бойынша нормативтер құрастыру мәселесін көтеру;

- тарифтер еркін айналымға жіберілгенде ТКШ бойынша халықты әлеуметтік қорғау үкіметтік бағдарламасын құрастыру;

- ПИК құру бойынша жұмыстарды жандандыру;

- актілеу механизмі арқылы жылумен қамту қызметіне төлем жасағанда тұрғын үй ауқымы мен тұрғын үйдің адам тұрмайтын ауқымы бойынша төлем мәселесін анықтау;

- коммуналды қызмет саласындағы басқарушы компанияларды өздерінің электронды сайттарында қаржы есептері мен шығындар кестесін жариялап отыруға міндеттеу;

- монополистердің қызметін талдау үшін тәуелсіз сарапшылардан  тұратын сарапшылар комиссиясын құру;

- коммуналды қызмет саласында инновациялық технологияларды пайдалану;

- газ және электр қуаты тарифтерін теңдестіру бойынша басқару шараларын қабылдау;

- монополияға қарсы комитеттің қоғамдық тыңдауларына партия және Ардагерлер кеңесінің өкілдерін міндетті түрде шақырып отыру.

ҚКХП ОҚ ОК

Yuko4Yuko4Yuko4Yuko4

Прочитано 66 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.