Пятница, 02 марта 2018 10:00

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті Алғыс күнін атап өтті

Оцените материал
(0 голосов)

2016 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев  Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Алғыс айту күні деп  белгіледі.

Мереке күні ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті Шымкент қаласы Техникалық лицейдің ұжымымен және тәлімгерлерімен кездесті. Лицейде жыл сайын ұйымдастырылатын салтанатты іс-шара өтті. Жиында лицей директоры Бақберген Айтбаев пен ҚКХП ОҚ обкомының бірінші хатшысы Нұрлан Қадырқұлов сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде Қазақстан халқы үшін бұл мерекенің маңыздылығын ерекше атап өтті. Іс-шараның ресми бөлігі мерекелік концертке ұласты.

Сонымен қатар Алғыс күні аясында лицей оқушылары балаларға арналған киімдер мен ойыншықтар жинап, «Шапағат» халықтық жобасы үшін ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің қабылдау пунктіне тапсырды.

Обком жиналған киімдерді жағдайлары нашар отбасылар мен Шымкент қаласының Аналар үйіне тапсырмақшы.

Ең белсенді сыныптар мен оқушылар лицей директоры қолынан ҚКХП-ның кәдесыйларын қабылдады.  Партия құрылған күннен бері халық коммунистерін қолдап жүрген лицей директоры Бақберген Айтбаевқа Ұлы Қазан социалистік революциясының 100 жылдығы мерейтойлық медалі табысталды.

ҚКХП ОҚ ОК

Sh7Sh7Sh7Sh7Sh7Sh7Sh7

Прочитано 72 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.