Пятница, 16 марта 2018 10:05

Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Тұрмыстық зорлық-зомбылық бұл - қылмыс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Тұрмыстық зорлық-зомбылық бұл  - қылмыс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  ҚР Бас прокуратурасының мәліметі бойынша 2016 жылы отбасындағы құқық бұзушылық 2,8 пайызға артқан, ал 2017 жылдың соңғы 9 айының қорытындысы бойынша өсім 4,7 пайызды құраған. 2015 жылмен салыстырғанда әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстық әрекет 90 пайызға өскен, жыл сайын Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 400 әйел көз жұмады.  Орташа есеппен республикада күн сайын 12 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды.

ҚР Бас прокуратурасы Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан отбасындағы зорлық-зомбылықсыз» сынамалы жобасын іске қосты. Жоба аясында ОҚО ІІД полиция қызметкерлері ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен бірлесе отырып Шымкент қаласының Абай ауданында және ОҚО Сарыағаш ауданында алдын-алу шараларын өткізеді. 2017 жылдың соңғы үш айында ОҚО полиция қызметкерлері әйелдерге қатысты 140-тан астам құқық бұзушылық пен 5 қылмыстық әрекетті әшкереледі.

2017 жылдан бастап Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандар қылмыстық жазаға емес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл шараның тиімділігі туралы сарапшылар арасында пікірлер екіге бөлінген, бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықты дискриминализациялау қылмыстың санын арттыра түседі деген пікірді ұстанса, енді біреулері жәбірлеушілерді аз уақытқа болсын қамауға жіберу мүмкіндігі пайда болды деп пайымдайды. Жақтаушылардың пікірінше, кей кездері әйелдер өз күйеулерінің атына полицияға шағым жазады да, ертеңгі күні күйеуін қылмыстық жауапкершілікке тарттырмас үшін өтініштерін қайтарып алады.

Сонымен қатар #НеМолчи хэштегімен әлеуметтік кампания іске қосылды, бұл жерде отбасылық және сексуалды зорлық-зомбылыққа ұшырағандар өз оқиғаларымен бөліседі. Республиканың бірқатар ірі қалаларында отбасылық зорлық-зомбылықтан жәбірленішулерге арналған дағдарыс орталықтары ашылып жатыр.

Алайда мәселенің түбегейлі шешілуіне бірқатар факторлар кедергі болып тұр. Сондай кедергілердің бірі – Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша нақты статистиканың жоқ. Көп жағдайда отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттер жария етілмейді. Жәбірленушілердің айтуынша, көп жағдайда құқық қорғау органдарының қызметкерлері жанжалды ушықтырған әйелдердің өздері деп  шақыртуларға әрекет етпейді. Сонымен қатар әйелдер сөзге қаламыз деп ұялғандықтан көмек сұраудан бас тартып, үндемей отыра береді.

Келесі фактор – тұрмыстық зорлық-зомбылық жүйелі сипатқа ие. Егер жанжал локалды, оқшау сипатқа ие болса, зорлық-зомбылық жүйелі негізге ие және зорлық-зомбылықтың бірнеше кезеңдерінен тұрады. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өзінің кезеңдері бар: әуелі қол жұмсайды, кейін кешірім сұрайды, гүл сыйлайды, содан кейін агрессия қайта жиналады да бәрі қайтадан қайталанады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тағы бір үлкен мәселесі – балалар әкесінің аналарына қол жұмсауының куәгері болады немесе өздері де жәбір көреді. Мұның барлығын көріп өскен бала өсе келе өз отбасында да осындай іс-әрекеттерді қайталайды.

Зорлық-зомбылыққа итермелейтін фактілердің бірі ішімдік пен нашақорлық болып табылады. Бұл көптеген зорлық-зомбылықтың бастапқы себептері болып отыр.   Қоғам бұдан арылмайынша, қауіп-қатер азаймайды, керісінше қылмыстың жаңа түрлері пайда болады. Көтеріліп отырған мәселе өте өзекті, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қылмыс екендігін қоғам түсінуі қажет.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы бұл мәселелерді  жүйелі және кешенді түрде  шешу қажет деп санайды: ішімдік пен нашақорлықпен күресу қажет; учаскелік полицейлер отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты барлық қылмыстық әрекеттерді тіркеп, анықтаулары тиіс; отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына жан-жақты көмек көрсету керек; отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты стереотиптерді жою қажет.

Bitov2Bitov2

Прочитано 64 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.