Понедельник, 03 сентября 2018 12:03

Ата-аналар мен оқушылар коммунистерге алғыстарын білдірді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Биыл Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Мектепке жол» акциясын «Шапағат» мектепке дайындайды» жобасымен бірлесе өткізді.  Себебі жобаның өз қатысушылары бар, олар обком кеңсесіне келіп қажетті киімдерді алып тұратын көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар.

«Мектепке жол» акциясы №15,72 орта мектептерінің әлеуметтік қызметкерлері мен обком белсенділерінің көмегімен өтті. Обком белсенділері мұқтаж отбасылардың тізімін жинақтап, оларды кеңсеге шақырып отырды.

 «Шапағат» мектепке дайындайды» жобасы бойынша кеңсеге батыр ана Шолакова И., көпбалалы аналар Сарбаева А., Попова А., Нарқұлова К., Солтыбаева Г. шақырылды.

№72 орта мектептен  Қабдалова А., Ережепова М., Сапарбек Г. есімді аналардың балаларына мектепке қажетті құралдар табысталды және әлеуметтік педагог арқылы №15 мектептің бастауыш сыныптарының 5 оқушысы мектеп сөмкелеріне ие болды.

Ата-аналар мен оқушылар коммунистерге көрсеткен қолдаулары үшін өз алғыстарын білдірді. 

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан ОК

юк7юк7юк7юк7юк7юк7юк7

Прочитано 95 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.