Четверг, 07 февраля 2019 09:52

Депутат Т.Сыздықовтың Шымкенттегі жұмыс сапары жалғасуда Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

6 ақпан күні коммунист Қаратау ауданының Бозарық ауылында орналасқан «Халал кассаб» АӨК басшылығымен және ұжымымен кездесті. Кешен директоры С.Гүлбараев мәжілісменге мал сою және  мұздатқыш цехтарын, ветеринарлық-санитарлық бақылау кабинетін көрсетіп, кәсіпорынның құрылу тарихымен таныстырды. Ол АӨК-нің инвестициялық бағдарлама бойынша құрылғанын айтты. Қала әкімдігі 11 инвесторға жер учаскелерін үлестіріп, субсидиямен көмектесіп тұрады. Кәсіпорында 20 адам жұмыс істейді, орташа жалақы 70 мың теңгені құрайды. Бір келі қой етін 1400 теңгеге, ал сиыр  мен жылқы етін 1500 теңгеге сатады.

Депутат кәсіпорын мәселелерін де сұрастырды. Кәсіпорында жүн тапсыру мәселесі бар. Жүнді өңдеу кәсіпорындарының тапшылығына байланысты оны төмен бағамен тапсыруға тура келеді. Сонымен қатар кәсіпорын өкілдері жоғары коммуналды шығындар мәселесін де көтерді, себебі кешен индустриалды аймақта орналаспаған.

Кездесуге Ауыл шаруашылғы басқармасы мен Кооперативтер ассоциациясының өкілдері қатысқандығын атап өткен жөн.

Күннің екінші жартысында Тұрғын Ысқақұлы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Абдрахмановпен кездесті.  Халық қалаулысы қала басшысын «Халық коммунистері» парламенттік фракциясы мен Қазақстан Коммунистік Халық партиясының қызметімен таныстырып, қаланың дамуына, Қоғамдық кеңес қызметі мен азаматтарды толғандырып жүрген әлеуметтік мәселелер төңірегінде пікір білдірді.

Кейін депутат Шымкент қаласы Құрылыс басқармасының басшысы А.Рабаевпен  кездесті. Кездесу барысында олар құрылыс сапасы, құрылыс нысандарын қабылдау бойынша мемкомиссияны қайта құру, құрылыс сапасын бақылауда сандық технологиялардың маңызы, бұл саладағы жемқорлыққа қарсы іс-шаралар және т.б. мәселелерге қатысты пікір алмасты.

ShimkSyzdykov2 8ShimkSyzdykov2 8ShimkSyzdykov2 8ShimkSyzdykov2 8ShimkSyzdykov2 8ShimkSyzdykov2 8ShimkSyzdykov2 8ShimkSyzdykov2 8

Прочитано 10 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.