Вторник, 12 февраля 2019 18:10

Тұрғын Сыздықов Шымкент қалалық диагностика орталығының ұжымымен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов Шымкент қаласындағы жұмыс сапары барысында қалалық диагностика орталығында болды.

Орталықтың жетекшісі, бас дәрігер Ш.Исабекқызы мәжілісменге орталықтың қызметі, техникалық жабдықталуы мен дәрігерлердің біліктіліктері туралы айтып берді. Т.Сыздықов диагностика орталығының ұжымын «Халық коммунистері» фракциясының қызметі, бюджеттік ұйымдарды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар және т.б. туралы хабардар етті.

Кездесу қатысушылары халық қалаулысына көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, диагностикалық орталықтың жеке ұйым ретінде мәртебесін сақтап қалу тақырыбын көтерді. Сонымен қатар дәрігер мәртебесі туралы заң енгізу, медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселелері де тілге тиек етілді.

Депутат дәрігерлерге диагностикалық орталықтың мәртебесін сақтап қалу мәселесін Парламент деңгейінде көтеретіндігіне уәде берді.

ShimkSyzdykovDiagn 6ShimkSyzdykovDiagn 6ShimkSyzdykovDiagn 6ShimkSyzdykovDiagn 6ShimkSyzdykovDiagn 6ShimkSyzdykovDiagn 6

Прочитано 53 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.