Четверг, 14 марта 2019 14:26

Шымкент қалалық комитетінде гендерлік теңдікке қатысты қарар қабылданды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Шымкент қалалық комитетінде қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың, Ардагерлер кеңесінің және қалалық комитеттің өкілдері «Әйел – мемлекеттік қызметші, кәсіпкер, үй шаруасындағы әйел: мәселелері мен келешегі» деген тақырыппен өткен қоғамдық талқылауға қатысты.

Коммунистер қатысушыларға тақырыпқа қатысты статистикалық деректерді жариялады.

Қазақстанда күні бүгінге дейін әйелдер ер адамдардан аз айлық алады. Әйелдер жоғары лауазымды қызметтерге де ер адамдар секілді тағайындалмайды. Есесіне, үй шаруасы, бала тәрбиесі күні бүгінге дейін әйелдің жұмысы болып есептеледі. Ер адамдар бұл істе тек көмекшінің қызметін атқарады. Қоғамда әлі күнге дейін патриархалды ұстанымдар мен дәстүрлер берік сақталған.

Статистика бойынша  әйелдер әлеуметтік өмірге ерлермен бірдей атсалысады.  Жұмыс істеу көрсеткіші шамалас болғанмен, әйелдер ер адамдардан шамамен 33% кем айлық алады. Қазақстандағы  іскер әйелдер қауымдастығының байламынша, әйелдер денсаулық және білім сияқты аз айлық төлейтін жерлерде жұмыс істейді.

Гендерлік теңдік мәселесінде де екіұшты түсінік қалыптасқан. Қазақстан әйелдері түзде де, үйде де жан аямай еңбек етеді.

Пікірталас қорытындысында қатысушылар Қазақстандағы гендерлік мәселелерді шешуге қатысты қарар қабылдады.

Онда тең әрі әділ гендерлік саясат қалыптастыру мәселесі сөз болды. Бұл үшін ер адамдар мен әйел адамдардың теңдігіне кепіл болатын құқықтық мәдениет қажет екендігі айтылды. Сонымен қатар Үкімет қоғамдық  институттармен тығыз қарым-қатынас орнатуы тиіс деген ой білдірілді. Қарарда үкіметтік емес ұйымдар мен дағдарыс орталықтарының жұмысын жетілдіру мәселесіне де екпін түсірілді.

ShimZhens 5ShimZhens 5ShimZhens 5ShimZhens 5ShimZhens 5

Прочитано 23 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.