Пятница, 12 апреля 2019 16:57

Жастарға мамандық таңдауға көмектесу керек Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылы 12 сәуірде ҚКХП Шымкент қалалық комитетінің ұйымдастыруымен «Мамандықты дұрыс таңдау – өмірдегі сәттіліктің кепілі. Қай жерден білім алуға болады?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Шараға саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, «Өрлеу» білім беру орталығының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қалалық комитеттің белсенділері қатысты.

Коммунистердің пікірінше, соңғы уақытта жоғары сынып оқушылары болашақ мамандықты танымалдығына қарап таңдайды. Көп жағдайда жеткіншектердің басым бөлігі жоғары жалақы төлейтін мамандықтарға қызығады. Олар өздерінің мүмкіндіктері мен қабілет-қарымдарын назарға алмайды. Мәселе мамандық таңдаумен және сол мамандыққа түсумен шешіледі деп ойлайды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мәселені шешу үшін мектеп партасынан бастап оқушылармен, олардың ата-аналарымен осы тақырып бойынша тұрақты әрі жүйелі түрде әңгімелесіп отыру қажет екенін алға тартты. Олар оқушыларға колледждер мен институттарға барып тұрған да тиімді екенін жеткізді. Сондай-ақ түрлі мамандық иелерін мектепке шақырып, оқушылармен кездесу ұйымдастыру да нақты нәтиже беретінін баяндады.

ShimkProfessKrStol 5ShimkProfessKrStol 5ShimkProfessKrStol 5ShimkProfessKrStol 5ShimkProfessKrStol 5

Прочитано 131 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.