Понедельник, 29 октября 2018 12:11

Депутат Ирина Смирнованың жұмыс сапары

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі  Ирина Смирнова өзінің жұмыс сапарын Шымкент қаласынан бастады.

23 қазан күні халық қалаулысы ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде партия белсенділерімен, ардагерлерімен және ҮЕҰ өкілдерімен кездесті. Кездесуге Мемлекет басшысының 5 қазан күні жарияланған Жолдауы себеп болды. Сонымен қатар коммунист қатысушыларды «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының жұмысы жайлы хабардар етіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Ирина Смирнова «Нұр Отан» ХДП-ның Мәжілістегі депутаттарымен бірге Шымкенттегі жұмыс сапары барысында Ж.Шанин атындағы Облыстық қазақ драма театрының ұжымымен кездесу өткізді. 

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған «Комсомол мәңгі жас!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға «Нұр Отан», «Ақ жол» партияларының өкілдері, ҮЕҰ мен Ардагерлер кеңесінің мүшелері, Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, обком мен   Жастар қанатының белсенділері, БАҚ қатысты.

Түркістан облысында осы тақырыпта қоғамдық пікірталас өтті. Іс-шара осы жылдың 10 қазанында жарияланған Қазақстан Президентінің Жолдауына орайластырылды.  Пікірталасқа Шымкент қаласының №15 мектеп-лицейінің ұстаздары, Ардагерлер кеңесі мен «Оставим народу жилье» ҚБ  мүшелері, обком активі қатысты.

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде ардагер-коммунистер үшін мерекелік дастархан жайылды. Өкінішке қарай, басқосуға денсаулықтарына байланысты шақырылғандардың барлығы бірде қатыса алмады.

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті жастар қанатының белсенділері «Жас жаяу жүргінші» акциясын өткізді. 

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті Шымкент қаласында «Көмек беру құқығы» акциясын өткізді. Коммунистер қала тұрғындары арасында   Қазақстан Коммунистік Халық партиясының қызметі, облыстық комитеттің қоғамдық қабылдауының жұмысы мен заңгердің  кеңес беру кестесі жазылған екі тілдегі ақпараттық буклеттер таратты.

12 қыркүйек күні ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Қазақстан жастары – кеше, бүгін, ертең» тақырыбында қоғамдық пікірталас ұйымдастырды. Оған Білім беру басқармасының, Білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподағының, Ардагерлер кеңесінің, ҮЕҰ-ның, «Ақ жол» ХДП-ның өкілдері мен қоғам қайраткерлері және обком белсенділері қатысты.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.