12 қыркүйек күні ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Қазақстан жастары – кеше, бүгін, ертең» тақырыбында қоғамдық пікірталас ұйымдастырды. Оған Білім беру басқармасының, Білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподағының, Ардагерлер кеңесінің, ҮЕҰ-ның, «Ақ жол» ХДП-ның өкілдері мен қоғам қайраткерлері және обком белсенділері қатысты.

Биыл Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Мектепке жол» акциясын «Шапағат» мектепке дайындайды» жобасымен бірлесе өткізді.  Себебі жобаның өз қатысушылары бар, олар обком кеңсесіне келіп қажетті киімдерді алып тұратын көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар.

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті  Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні облыстың «Отырар» ТРК, «Южный Казахстан», «Оңтүстік Қазақстан», «Айғақ», «Рабат» газеттері сияқты алдыңғы қатарлы ақпарат құралдарына барып, журналистер қауымын кәсіби мерекемен құттықтады. БАҚ жетекшілеріне құттықтау хатпен қоса басылым мен ҚКХП-ның логотипі бейнеленген торттар табысталды.

21 маусым күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясының облыстық, аудандық және қалалық комитеттері жыл сайын партияның ресми тіркеуден өткен күнін атап өтеді.

Бүгін партияның белсенділері мен ардагерлері ҚКХП-ның Шымкент шаһарындағы облыстық кеңсесінде бас қосты. Обком кеңсесінде мерекеге орай фотоқабырға дайындалып, келушілерге «Коммунист Казахстана» журналының жаңа саны мен партиялық парақшалар  таратылды.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті Шымкент қаласының тұрғындары арасында «Әкімге сұрақ қой» акциясын өткізді. Сауалнама аудандық, қалалық комитеттер мен обкомның активі және телефон арқылы да жүргізіледі.

13 маусым күні ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Баршаға арналмаған жұмыс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара мемлекеттік орган мен ҮЕҰ, партиялар мен Ардагерлер кеңесі өкілдерінің және қоғам белсенділерінің қатысуымен өтті. Қатысушылар зейнеталды жастағы азаматтарды жұмыспен қамту мәселесінің өзектілігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар ҚКХП-ның ұсыныстарына бірауыздан қолдау білдірді.   

Среда, 06 июня 2018 12:13

Баршаға ыңғайлы жағдай

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті жоспарлы шара аясында облыс орталығы тұрғындарының арасында «Мүмкіндіктің шектелуі – қажеттіліктің артуы» атты акция өткізді.

Мүмкіндігі шектеулі тұрғындар мен қала қонақтарының мәселесіне азаматтардың назарын аудару мақсатында «Баршаға ыңғайлы жағдай үшін!» үнпарақтары және «Коммунист Казахстана» журналының жаңа саны таратылды.

18 мамыр күні ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің активі «Алматы – Ульяновск» автошеруінің қатысушыларымен кездесті. Автокеруен Оңтүстік Қазақстан облысының орталығына Тараз қаласынан келіп жетті.  Кездесу кеңестік дәуір атрибуттарымен және КСРО-ның белді қайраткерлерінің суреттерімен безендірілген  «На Советской» кафесінде өтті.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.