15 мамыр күні Шымкентте ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңіс тарихын бұрмалау - батыстық насихаттың құрамдас бөлігі» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті. Пікірталасқа Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қордың және облыстық білім басқармасы мен ардагерлер кеңесінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ЖОО оқытушылары, обком активі қатысты.

Шымкент қаласындағы техникалық колледжде ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамалары талқыланды.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі күні Шымкентте таң ертеңнен жаңбыр жауды. Ауа райының қолайсыздығы қала тұрғындары мен қонақтар үшін мерекені кең ауқымда атап өтуге кедергі болған жоқ. Барлық  ресми іс-шаралар Облыстық орыс драма театры ғимаратында өтті.

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Көктемгі шақырылым» акциясын бірнеше кезеңде өткізді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Тұрмыстық зорлық-зомбылық бұл  - қылмыс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  ҚР Бас прокуратурасының мәліметі бойынша 2016 жылы отбасындағы құқық бұзушылық 2,8 пайызға артқан, ал 2017 жылдың соңғы 9 айының қорытындысы бойынша өсім 4,7 пайызды құраған. 2015 жылмен салыстырғанда әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстық әрекет 90 пайызға өскен, жыл сайын Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 400 әйел көз жұмады.  Орташа есеппен республикада күн сайын 12 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды.

ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Нұрлан Қадырқұлов Д.А. Қонаев атындағы қордың шешімімен ақпараттық-насихаттық қолдау және ынтымақтастық үшін «Д.А. Қонаев» медалімен және тиісті сертификатпен марапатталды.

2016 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев  Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Алғыс айту күні деп  белгіледі.

28 ақпан күні  Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінде партия өкілдері мен Ардагерлер кеңесінің, қоғам қайраткерлері мен обком активінің қатысуымен «ОҚО-дағы жоғары тарифтер туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

БАҚ мәліметі бойынша, ОҚО-дағы коммуналды шығын тарифі халықтың төмен табысы жағдайында  республика бойынша ең жоғары болып тұр. ОҚО жылу энергиясының бағасы бойынша бесінші орында, ал заңды тұлғалар жылу үшін көрші Қызылорда облысына қарағанда бес есе артық төлейді.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.