ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті Жастар қанатының қатысуымен Қызыл әскердің 100 жылдығына  арналған салтанатты жиын өткізді.

Отырысқа Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері, Шымкент қаласы Ардагерлер кеңесінің коммунист-ардагерлері, қоғам белсенділері мен жастар қанатының активі қатысты.

2018 жылдың 13 ақпанында ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті меморгандардың, саяси партиялардың, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерінің және қоғам белсенділерінің қатысуымен «Қазақстандағы инфляция. Келер жылдан не күтеміз?» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді.

30 қаңтар 2018 жылы ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Адами капитал – жаңғырудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған мемлекеттік органдар мен партиялардың, ҮЕҰ мен Ардагерлер кеңесінің, кәсіподақтардың өкілдері, қоғам белсенділері, обком мүшелері мен БАҚ қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында бұл тақырыптың өзектілігін атап өтті.

Қазақстан Республикасы. Оңтүстік Қазақстан облысы.Түркістан қаласы: Түркістан қалалық ҚКХП  комитетінің 2004 жылы құрылғалы бері, жергілікті партия комитеті ҚКХП партия съезінің және пленумдарының алға қойған іс – жоспарлары бойынша өз жұмыстарын атқарып келеді.

Страница 7 из 7

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.