Шымкент қалалық комитетінің кеңсесінде өткен қоғамдық пікірталасқа соғыс және тыл ардагерлері, партия ардагерлері мен қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты. 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов Шымкент қаласындағы жұмыс сапары барысында қалалық диагностика орталығында болды.

8 ақпан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов Шымкент қ. Энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшылығымен және қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында мәжілісмен Парламенттегі «Халық коммунистері» фракциясының қызметі, әлеуметтік мәселелер төңірегінде жолданған депутаттық сауалдар туралы айтып берді. Депутат жерасты суларының көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу мәселесін көтеріп, осы бағытта жүргізілетін іс-шаралар жайында сұрастырды.

Жұмыс сапары барысында депутат Т.Сыздықов  Дінмұхамед Қонаев атындағы музейде болды. Музейде коммунист Қонаев атындағы қордың мүшесі, «Аталар сөзі» газетінің бас редакторы Е.Пернеевпен және Д.Қонаев туралы кітаптың авторы Лаура Бейсекпен кездесті.

7 ақпан күні депутат-коммунист Тұрғын Сыздықов Шымкент қаласының Индустриалды-техникалық колледжінде болды. Депутат колледждің оқу цехтарымен, білім беру үрдісімен танысты. Сонымен қатар оқу мекемесінің ұжымымен және студенттерімен кездесті.  Колледж директоры Т.Исахметов өз сөзінде білім мекемесінің бірқатар мәселелерін көтерді: оқу шеберханаларының толық жабдықталмауы, Жұмыспен қамту орталығының нашар жұмысының салдарынан түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі. Сондай-ақ ол студенттерді тегін тамақпен және шәкіртақымен қамту қажеттілігін айтты.

2019 жылдың 7 ақпанында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов Шымкент қаласы ТЖ жөніндегі департаменттің Дағдарыс орталығында  болып, департаменттің жеке құрылымымен, жетекшілерімен және құрылымдық бөлімшелерімен,  ведомстволық ұйымдарымен кездесті. Кездесуге Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Шымкент қалалық комитетінің бірінші хатшысы Н.Қадырқұлов қатысты.

6 ақпан күні коммунист Қаратау ауданының Бозарық ауылында орналасқан «Халал кассаб» АӨК басшылығымен және ұжымымен кездесті. Кешен директоры С.Гүлбараев мәжілісменге мал сою және  мұздатқыш цехтарын, ветеринарлық-санитарлық бақылау кабинетін көрсетіп, кәсіпорынның құрылу тарихымен таныстырды. Ол АӨК-нің инвестициялық бағдарлама бойынша құрылғанын айтты. Қала әкімдігі 11 инвесторға жер учаскелерін үлестіріп, субсидиямен көмектесіп тұрады. Кәсіпорында 20 адам жұмыс істейді, орташа жалақы 70 мың теңгені құрайды. Бір келі қой етін 1400 теңгеге, ал сиыр  мен жылқы етін 1500 теңгеге сатады.

4 ақпан күні «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының мүшесі Тұрғын Сыздықов жұмыс сапары барысында Шымкент қаласы Жолаушыларды тасымалдау ассоциациясының өкілдері Д.Каюповпен және М.Сағитовпен кездесті.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.