Пятница, 25 мая 2018 16:07

Қостанай облыстық комитетінің мүшелері Ұзынкөл, Қарасу ауылдарына барды

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің активі Ұзынкөл, Қарасу ауылдарының тұрғындарымен жүздесіп, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын түсіндірді.

Коммунистер Ұзынкөл, Қарасу аудандарының әкімдерімен де кездесті.

Ауыл тұрғындарымен әңгімелескен кезде облыстық комитеттің мүшелері сумен қамту мәселесі өзекті болып тұрғанын анықтады. Кездесуге қатысқан адамдар жастардың бос уақыты дұрыс ұйымдастырылмайтынына қынжылып, ауылдағы сапасыз жол, жұмыссыздық, төмен жалақы сияқты әлеуметтік мәселелерге шағымданды.

Ұзынкөл тұрғындары медицина қызметкерлері мен мұғалімдердің тапшы екенін алға тартып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы ауылға келген мамандарға  бір рет берілетін көтермеақының мөлшерін инфляцияны ескере отырып ұлғайту қажеттігіне назар аударды.

Қарасу ауылының тұрғындары ауылдағы үйлерін кепілге қойып, банктен несие ала алмайтындарына реніш білдірді. Олар кооперация құру ісі шаруалардың қаржылық мүмкіндігі шектеулі болуына байланысты  ілгерілемей жатқанын жеткізді.

Басқосу барысында коммунистер ҚКХП атынан Парламент Мәжілісіне сайланған депутаттар Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында ауылдарды қаржыландыруға басымдық беру туралы депутаттық сауал жолдағанын баяндады және жиналғандарға «Коммунист Казахстана» журналын үлестірді.

ҚКХП Қостанайоблыстық комитеті

сКарасу 6сКарасу 6сКарасу 6сКарасу 6сКарасу 6сКарасу 6сКарасу 6сКарасу 6сКарасу 6

Прочитано 45 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.