Пятница, 14 сентября 2018 17:31

Қостанайлық коммунистер «Титан» ЖШС жұмысшыларымен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

12 қыркүйек күні ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің мүшелері «Титан» ЖШС-ның жұмыс ұжымымен кездесу өткізді.

«Титан» жылуэнергетикалық компаниясы - Қазақстандағы жылытқыш қазандар мен жылуэнергетикалық құралдар шығаратын алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі. Кездесу барысында коммунистер ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің жұмыс барысы мен БЛКЖО-ның 100 жылдық мерейтойына дайындық жайлы айтып берді. Обком белсенділері «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының жаңа депутаттық сауалдарымен де таныстырып өтті. Еңбеккерлер жоғары коммуналды тарифтер мен төмен жалақы көңіл көншітпей тұрғандығын айтты.

Кездесу соңында коммунистер «Титан» ЖШС қызметкерлеріне «Коммунист Казахстана» журналы мен парақшалар үлестірді.  

Фото1640Фото1640Фото1640Фото1640

Прочитано 30 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.